News

Huawei елімізде жаңа фитнес-сағатын ұсынды

Huawei Watch Fit компанияның жаңа дисплей пішініне ие болған ақылды тасымалы құрылғылары қатарындағы алғашқы сағат болды.

Өткен жұмада Алматыда үй жағдайында фитнеспен айналысуға мүмкіндік беретін ақылды сағаттардың жаңа буынының тұсаукесері болып өтті.

Huawei Watch Fit құрылғысына пайдаланушыларға түрлі жаттығуларды орындауға көмектесетін анимацияланған фитнес-бағдарламалар орнатылған, сонымен бірге, онда көптеген жаттығу режимдері, GPS бойынша тұрған орнын анықтау және денсаулық жағдайын мониторингтеу функциялары бар.

Сағат көбірек ақпарат көрсете алатын 1,64-дюймдік жарық AMOLED-дисплеймен жабдықталған. Салмағы 39 грамм болатын Huawei Watch Fit сағатын фитнес-білезікке ұқсатуға болады.

Интеллектуалды алгоритм мен бірнеше қадағаны қолданатын жүрек ырғағын мониторингтеуге арналған HUAWEI TruSeen™ 4.0 жаңартылған технологиясы жүрек ырғағының, қандағы оттегі деңгейінің, ұйқы сапасы мен күйзеліс деңгейінің тәулік бойғы дәл мониторингін қамтамасыз етеді.

Huawei Watch Fit — анимацияланған фитнес сабақтарының тарапынан қолдауға ие болған алғашқы сағат. Сағат анимацияланған 12 сабақтағы 44 стандартты жаттығуды қиыстыра отырып, кез келген уақытта, дербес тәлімгер жалдау қажетінсіз, қарапайым және қолжетімді жаттығу тәсілдерін ұсынады. Бұдан басқа, Huawei Watch Fit спорттық жүгіруді жақсы көретіндер үшін арнайы әзірленген 13 жүгіру сабағын ұсынады.