Cән мен сұлулықДене күтімі

Иіссу таңдаудағы 3 негізгі ереже

Нишалық немесе молекулярлы иіссу (француз тілінен la niche – ниша, ұяшық) – бұл хош иісті жасаудың өнері, жұпар дінінің ноталары және адам терісіндегі иісті ашудың пәлсапасы.

1. Масс-маркет – жаппай сату немесе «кең қолданыстағы тауарлар». Олар иіс күрделілігімен, шикізаттың іріктелуімен, ноталардың нәзіктігімен ерекшеленбейді, олардың басты артықшылығы қолжетімділігінде.
Олардың таралу орны – супермаркет сөрелері, базардағы сауда орындары, жер асты өтпе жолдары.

2. Luxe – әдетте, атақты сән үйлердің, зергерлердің және иіссу өндіретін компаниялардың өнімдері. Бұл қымбат иіссу басталатын шегара болып саналады. Аталған өнім сәннің даму қарқынынан 100% пайыз қалмайды және әрқашан адамдарға ұнайды. Жоғары дәрежелі хош иісті жасау барысында иіссу компаниялары қоғамдық ойды, талғамды тануға қомақты қаржы жұмсайды, сыналатын топтардың ішінен жүздеген адам хош иістің түпнұсқасын бағалайды. Көп дауыс жинаған иіс жаппай өндіріске шығарылады.

3. Сонымен, нишалық иіссу – бұл жұпардың үлкен тәжірибесі мен бай тарихы бар. Әлемдік иіссу үйлері мен иіссу индивидуалдарының туындысы. Мұндай үйлерде біздің заманымыздағы ең креативті және иіс сезу мүшесі өте нәзік адамдар еңбек етеді. Нишалық иіссу жақын адамдарға таптырмайтын сыйлық.

Нишлы иіссу басқалардан несімен ерекшеленеді?
Шектеулі тиражбен шығарылады және жарнамаланбайды. Сауда нүктелері әлем бойынша 500-ден аспайды. Ол иіссу талғампаздарының клубы іспеттес.
Әдетте, сұрыптамалы иіссулар брендінің артында иіссу жасау кезінде өз қиялын басшылыққа алатын және шикізатта өзін шектемейтін бір иіссу жасаушы адам тұрады. Тіпті, таңба таңдауға бірнеше иіссу жасаушы адам жұмылдырылса да, ол жұмыстың артында барлығын шешетін тек бір адам бар.
Бұл жұпар жоғары сапалы табиғи қосындылардан алынады. Іріктеу жұмысы егін жинайтын науқан мен өнім жинайтын уақыт ескерілетін вино жасаудың қағидаларына ұқсас келеді.
Нише жұпары шығарылатын қаптама мен құтылар қарапайым шыныдан да, сондай-ақ толықтай қолдан жасалған нағыз өнер туындысы болуы да мүмкін.
Сұрыптамалы иіссулардың иісі сіңімді әрі ұзақ сақталады. 24 сағат бойы жұпар иісіңізді жоғалтпауға кішкентай ғана тамшы кетеді. Кейбір сынамалардың иісі екі күн бойы сақталуы мүмкін. Сондай-ақ, сол уақыт ішінде иіссу ұмытылмас әсер бере отырып, жаңа жұпарын шашады.
Егер иіссу киімге себілсе, оның иісі киім жуылғанша кетпейді.
Сұрыпталған иіссуларды өндіру қиын және қымбат болғандықтан, олардың арасында көшірмелер болмайды.
Нише иіссуын таңдағанда хош иістің басым бөлігі ерлер мен әйелдерге ортақ болатындығына таңқалмаңыз. Ол жұпар иіс әйел терісінде нәзік хош иісті болса, ер адамдардың терісінде өткірлеу болып сезіледі.
Ең басты айырмашылығы иіссудың эксклюзивтілігі. Мұндай иіссулар адамның мінезі мен жеке қасиеттерін көрсетеді. Бұл өз ерекшеліктерінің жиынтығын жасай отырып, әр адамның терісінде әр түрлі болып ашылатын ноталардың күрделі қосындысынан тұратын жұпарлар. Нише иіссуы тіпті күннің әр мезгіліне қарай түрленіп отыруы мүмкін. Сондықтан, бірдей иіссу сатып алған адамдардың пікірін оқи отырып, оларды әртүрлі иіссуды суреттеп отыр деп ойлап қалуға болады. Сондай-ақ, сұрыптамалы иіссуға жыл мезгілі де әсер етеді.

Нише иіссуы өз композицияларының күрделілігі мен табиғи қоспаларды үйлестіре пайдалануының арқасында қайталанбас әсер қалдырады. Сіз ондай хош иісті басқа ешкімде кездестірмейтіндігіңізге 100 % сенімді бола аласыз. Ол сіздің жеке иіссуыңыз!