ДенсаулықСаулық үшін

Көктем мен күзде иммунитетті қалай нығайту керек?

Көктем мен күз – бұл біздің ағзамыз үшін ауыр кезеңдер. Төмен не жоғары күнделікті ауытқитын жаңа температураларға, ауа райы жағдайларына және күн сәулесіне бейімделуге көп ресурс жұмсалады.

Көктем мен күзде созылмалы аурулар жиі асқынады. Қазіргі карантин жағдайында вирус пен бактерияға қарсы тұру үшін күш мүлде қалмайды. Ағза үшін қиын уақытта иммунитетіңізге ерекше назар  аудару қажет. Оны қалай қамтамасыз ету керек деген сауалмен Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекеновадан кеңес сұрадық.

Тамақтану біздің иммунитетке әсер етеді ме?

Сөзсіз. Ағза біз тұтынатын тағамнан күш алады. Әртүрлі ферменттердің көмегімен тағам ыдырайды және ол ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендер мен минералдарға айналады. Соңғы екеуінің аз ғана мөлшері иммунитетті қамтамасыз етуге жұмсалады. Сондықтан көктем-күз кезеңінде, ағза жазғы режимге ауысумен әлсіреген кезде көптеген дәрумендерді құрайтын пайдалы өнімдермен күнделікті оны қамтамасыз ету қажет. Әрине, бұл көкөністер мен жемістер. Бұл жағдайда өз өзіңді алдау өте қауіпті – қыста және көктемде (жазда да, және күзде де кездеседі) сөрелердегі жемістер біз ойлағандай өмірге қажетті «пайдалы» емес.

Табиғи құнарды сіңіріп өскен көкөніс, жемістерді тұтынған абзал

Себебі импортталған көкөністер мен жемістер толық жетілмеген күйде «бақшадан» жинап алынады және алдымен жолда, кейін арнайы қоймаларда  жасанды жарықпен пісіп жетіледі. Табиғи күн ғана жемістердегі дәрумендер мен минералдардың пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан нәтижесінде біз сөрелерден әдемі, бірақ дәмсіз көкөністер мен жемістерді сатып аламыз.

Формула 2. Ерлер мен әйелдерге арналған дәрумендер мен минералдар кешені

Бірақ тамақтануға сауатты қараған жағдайда сіздің ағзаңыз барлық қажетті элементтермен толықтырылуы мүмкін. Осы ретте көмек ретінде Herbalife Nutrition ұсынатын ерлер мен әйелдер үшін Формула 2 сияқты, биологиялық белсенді қоспалар қолданылуы мүмкін. Осы дәруменді-минералды кешеннің екі нұсқасының құрамында да тағамда жеткіліксіз болатын және әртүрлі мөлшерде ерлер мен әйелдерге қажетті  микроэлементтер мөлшері бар.

Осы кезеңде ауа райы өте құбылмалы. Көшеге шығу қажет пе?

Әрине, D дәруменінің порциясын алу үшін шығу қажет. Ғалымдар, күн сәулесінің әсерімен синтезделетін осы микроэлементтің С дәруменімен қатар иммунитетке оң әсер ететіндігін дәлелдеген. Естеріңізде болса, ағзаның қорғау функциясын қамтамасыз ету үшін бұрын біз суық тиген кезде қышқыл аскорбинканы, цитрустарды қабылдаған  едік. Енді, мен дәл солай жасау керектігіне кеңес беремін, бірақ күн сәулесінде. Әрине, қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпау қажет – күн сәулесінің астында ұзақ отыруға болмайды, SPF-қорғау жақпаларын пайдалану қажет.

Бірақ, Қазақстанның көптеген аймақтарында әлі де болса салқын ауа райын сақталады және күн сәулесінің астында «қыздырынуға» әлі ерте. Сонымен қатар қазіргі уақытта көшеде серуендеуге мүмкіндік жоқ, себебі карантин жағдайында барлығы үйде болады. Бұл ретте  балық, жұмыртқа және майлы сүт өнімдері сияқты тағам өнімдерінен D дәруменін алуға болады. Бірақ ағза тәуліктік дозаға ие болу үшін, күнделікті 2 порция арқан балық, сардина  немесе тунец, 10 сары уыз тұтыну қажет. Былайша айтқанда, Қазақстанда тұратын көптеген адамдар үшін мүмкін емес. Бірақ D дәрумені бұрыннан тағамдық қоспалар және кешендер түрінде өндіріледі. Осы микроэлементті дәрігерлер жүктілерге және сәбилерге де тағайындайды, себебі ол зиянсыз және қауіпті емес. Көктем-күзгі уақытта мен өз клиенттеріме Иммьюн Бустер тағамдық қоспасын қолдануға кеңес беремін. Оның құрамында D, C, селен және мырыш бар. Бұл мықты иммунитет үшін негізгі элементтер болып табылады.

Көктем мен күзде ауа райы жиі өзгереді. Осы уақытта біз қалай өнімді бола аламыз?

Иә, көктемде ауа райы құбылмалы – күн ұзарып, түн қысқарады. Бірақ сергек және өнімді болу үшін өзіміздің күн тәртібімізді сақтау қажет. Екі негізгі ереже: белгілі бір уақытта ұйқыға жату және түнгі ұйқы 7 сағаттан 9 сағатқа дейінгі уақытты құрау қажет. Ұйқыға дейін гаджет немесе теледидар алдында ұзақ отырмаңыз – ұйқыға дейін мұның бәрін өшіру керек. Босаңсып, әуен тыңдаңыз, ұйқы алдында серуендеңіз. Егер далада жарық болса, пердені жауып қойыңыз – ұйқы гормоны мелатонин толық қараңғыда ғана біздің ағзада синтезделеді.

Егер жақсы ұйықтау мүмкін болмаса және таңертең өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз, ұйқыға дейін бір сағат бұрын бір стақан Формула 1 Кешкі коктейлін ішіңіз. Біріншіден, ол ұйқы алдында тоңазытқышқа жүгірмеу үшін жеңіл сіңірілетін заттармен ағзаны қанықтырады. Екіншіден, оның құрамында L-триптофан – мелатонин бастамашысы бар. Тәтті ұйқыға кепілдік беріледі!

Салауатты және барлық қоректік әрі пайдалы заттарды алған ағза, тіпті, көктем-күзгі уақытта да көптеген аурулармен күресе алады. Тамақтануыңызды қадағалаңыз және деніңіз сау болсын!