ДенсаулықСаулық үшін

Тазалықпен иммунитетті көтереміз! Үй тазалаудың көмегімен иммунитетті қалай көтеруге болады?

Күллі әлем COVID-19 атты ерекше вируспен күресуде. Қазір одан бәрі қорқады! Десе де, Қазақстанда вирустың адуыны бәсеңсіген сыңайлы. Мамандар «күзде екінші толқыны күтілуде» деген қауіп барын айтуда және бұл баршамызды толғандырмай қоймайтыны анық. Әлбетте, жаңа оқу маусымында ешкімнің карантинде тағы отырғысы жоқ. Олай болса, қазір отбасымызды одан қорғау үшін не істеуіміз керек? ӘРИНЕ,  ИММУНИТЕТТІ НЫҒАЙТАМЫЗ!  

806Қаралымдар

Тазалық пен үйдегі жинақылық – барлық отбасында денсаулықтың кепілі. Айналадағы атмосфера және дем алатын ауа сапасының өзі адамның иммунитетіне әсер етеді емес пе?! Міне, әркім біле бермейтін қызықты дәйектер:

Ауадағы зиянды заттардың ең көп мөлшері бір жарым метрге дейін биіктікте екендігі белгілі. Бұл дегеніміз біз бен сіздің балаларымыз шаңның жағымсыз әсеріне ұшырайтынын білдіреді. Ол балада аллергиялық реакциялардың пайда болуын немесе терідегі бөртпелер және тұншығу ұстамаларын тудыруы мүмкін. Оған қоса бала ғана емес ересектер де вирустық індеттерге бейім болмақ. Сондықтан бөлме тазалығына жіті мән беру керек.

Шаңды жеңуге арналған қарапайым ережелер:

  • Үйдегі бос орынды әр түрлі кәдесыйлармен, жақпамайлармен және басқа да заттармен толтырып тастамаңыз. Өйткені олар шаңның жиналуына ықпал етеді. Сөрелерде артық ештеңе болмаса, шаңды кетіру әлдеқайда оңай;
  • Күн сайын аздаған ылғалды тазалау жүргізіңіз. Едендерді, баспана қабырғаларын, ашық аймақтарды аса ыждағаттықпен жуыңыз;
  • Күніне екі рет бөлмені желдетіңіз. Ең жақсы нұсқа – үйде ауа тазартқышын және ылғалдағышты орнату. Сондықтан оларды тазалау әлдеқайда оңай болады және шаң тыныс алу жолдарына түспейді. Сонымен қатар, бұл шаң кенелерімен күресуге көмектеседі;
  • Аптасына бір рет төсек-орын ауыстырыңыз және 60 градустан жоғары температурада жуыңыз. Бұл режимде көптеген шаң кенелері өледі;
  • Әр апта сайын шаңсорғышты пайдалана отырып, жұмсақ жиһазды, кілемді, перделерді тазалап, еденді жуып, барлық нысандарға мұқият ылғалды тазалық жасау қажет.

Айтуға оңай! Бірақ… Мысалға алып қарасақ, мұның бәрі үш баласы бар анаға қандай қиынға түседі?! Әсіресе күрделі және ылғалды тазалау аз уақыт пен аз күшті алмайды. Бұл ретте үйге арналған ең жақсы техниканы таңдасаңыз – мүмкін емес ештеңе жоқ! Шаңды сору, жуу, ауаны ылғалдандыру, аллергиялық шаңнан құтылу, жұмсақ жиһаздан дақтарды алып тастау, үй жануарларының жүнінен құтылу – мұны тек бір ғана техника жасай алуы мүмкін. Бұл – Thomas шаңсорғыштары.

Тазалық пен балғындық үшін бірегей AquaBOX жүйесі

THOMAS компаниясы AquaBOX бірегей сүзу жүйесімен жабдықталған шаңсорғыштардың кең ассортиментін ұсынады. Бұл сүзу жүйесі тек еден жабындарын және жиһазды қаптауды ғана емес, сонымен қатар ауаны шаңнан, аллергендерден, шаң мен жүннің микроскопиялық бөлшектерінен тазартудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Тура жазғы жаңбырдан кейінгі балғындық және таза ауа!

Аквафильтрі бар THOMAS шаңсорғыштарында THOMAS Wet-Jet SYSTEM шаң басу жүйесі қолданылады, бұл үй-жайыңыздың гигиеналық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Күшті су ағындарын шаңның ұсақ бөлшектерін сумен байланыстырып, оларға AquaBOX-тан өтіп кетуіне мүкіндік бермейді. Жиналған қоқыс лас сумен бірге төгіледі. Ауа таза және балғындық сезіледі!

Аллергиясы барларға да қолайлы

Тазалаудың тамаша кепілі. Кішкентай балаларға арналған қауіпсіз орта. Шаңды сүзу 99,99% және шаңды ұстау 100% нәтижеде. Тыныс алу үшін таза әрі пайдалы ауа. Аллергияға қарсы талаптармен сертификатталған.

Сұйықтықты жинау және дақтарды жою

Барлық құрылғылар төгілген сұйықтықты жинау функциясымен жабдықталған, бұл әсіресе сәбидің ойындары кезінде немесе оларды тамақтандыру кезінде жиі болады. Кездейсоқ ластану – төгілген шырын немесе борщ, балалардың тентектігі немесе «шығармашылығы» – кілемнің не жиһаздың сыртқы түрін біржола бұзуы мүмкін. Жуғыш шаңсорғыш ластануды жуу және сору әдісімен жедел түрде жояды.

Қорытындылай келсек

Біз ұсынған үздік техника тек қана үй тазалығындағы Сіздің таптырмас көмекшіңіз ғана емес, пандемия кезінде үйді қатерлі вирустардан тазалайтын құрылғы ретінде де қызмет ете алады. Себебі егер сіз еденді хлорлы сүйықтықпен сүртсеңіз, артынан балалардың қауіпсіздігі үшін Thomas шаңсорғышы хлорды тап-тұйнақтай етіп жуып шыға алады. Ол тек еденді ғана емес, терезені, кафельді, ламинатты, линолиумді, мәрмәр тасты да тазалауға қауқарлы. Нағыз таптырмас көмекші емес пе?!

Олай болса, деніңіз сау болсын және дұрыс таңдау жасаңыз!