Ақ босағаОтбасы

Интерьердегі скандинав стилі және фен-шуй

Скандинавия стилі адамды өзіне баурамай қоймайды. Қарапайымдылық пен жайлылыққа негізделген бұл стиль көпшілік арасында танымалдылыққа ие болып барады. Үйіңізде жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын аталмыш стилді барынша зерттеп көргеніңіз абзал.

Қабырға – интерьердің басты бөлігі

Скандинав стилінде түрлі принтті түсқағаздар мен майшыттар қолданылады. Олар тым жарқын түстерді қоспағанда ашық жасыл, ашық көк, ашық қызыл және т.б. түстерден таңдалады. Бірақ бұл жерде тұсқағаз бен қабырға бояуын таңдау арасында өзгешеліктер бар. Мысалы, бір ғана жасыл түстің өзінің өте жарқын және шөптің түсі тектес немесе сарғыш жасыл реңктері болуы мүмкін. Сондықтан қабырғаның түсін таңдауда міндетті түрде жақсылап ойланып, мейлінше дизайнермен кеңесуді ұсынамын. Себебі бөлмедегі түстер, олардың үйлесімі адамның көңіл-күйіне, хал-жағдайына әсер ететіні психологияда дәлелденген. Егер бояу түсін таңдау сізге қиынға соқса, онда қонақ бөлме, балалар мен жатын бөлмелері үшін дайын тұсқағаздар бар. Мұндағы тұсқағаздардың суреттері басқаларынан ирек, толқындарға ұқсас суреттердің ритмикалық қайталану үлгісімен ерекшеленеді. Оған қоса, қабырғаны 3D көріністері бар сылақты тақталармен немесе кірпіштерді қалау арқылы түрлендіруге болады.

КЕҢЕС

Үйді көп шығын шығар­­­май, қайта жөндегіңіз келсе, сіз үшін осы стиль ең дұрыс шешім. Мұн­да инте­рьерге сай жұмсақ жиһаз,  аспалы шам, жастық пен төсе­ніш­терді қол­дан жасау­ға болады. Ескі жиһаз­дарды бейтарап түске бояп, жан­дандыру не сурет салып, оны кар­­тин­­­ка етіп іліп қою да керемет идея.

1. Бөлмедегі түстер үйлесімі

Бөлме ішінде ақтан бөлек жалпы энергетикалық атмосфераны теңестіретін басқа да қанықтау түстерді қолдануға кеңес беремін. Интерьерді жайлы қабылдау үшін суық және жылы түстерді өзара батыл түрде біріктіріп көріңіз.

2. Қонақ бөлмесі

Қонақ бөлмесі барынша жарық болу үшін ашық түстер мен үлкен көлемді терезелер қолдануды ұсынамын. Ал жатын бөлмеге барынша байсалды түстерді таңда­ған жақсы. Ол адамға ұйқы шақырып, демалысқа қолай­лы жағдай туғызуы тиіс. 

3. Үйдің төбесі

Үйдің төбесі үшін ең тиімді шешім – оны беті жылтырлап, адам бейнесі көрініп тұрмайтындай,  біркелкі тегіс материалмен жабдықтау. Фэн-шуйда егер төбе жылтыр болса, үйдегі энергия оған шағылысып, бөлме ішін­де бейберекетсіз қозға­лыс­та болады деген ұғым бар.

4. Қабырғаға ілінетін суреттер

Қабырғаға ілінетін суреттерге қатысты мына дүниелерді ұсынғым келеді. Яғни, картиналарда мотивация беретін, қараған кезде жылылық пен жайлылықты сездіретін суреттер болғаны дұрыс.  Мыса­лы, әдемі пейзаж, молшы­лық, гүл­дену, жанда­нудың сим­волдары бейнеленсе, тіптен жақсы. Агерессивті жануарлар немесе сізге шабуылдап тұрған бейнелерден аулақ болыңыз. Сондай-ақ, спорттық авто­кө­ліктер не жылдам ұшатын ұшақ­тарды да ілме­ген жөн. Бұларды адам өзінің жеке бизнесін және бәселестік қабілетін арттырғысы келетін, жұмыс орнына ілсе жарасады.

Екатерина Мельникова, 

фен-шуй кеңесшісі

Тел: +7 777 551 21 91  melnikova_fengshui