Жан әлеміӨзіңді дамыт

Ишара: Өзіңді қимылыңнан таны

Сіздің қол сермеуіңіз нені білдіреді? Сұхбаттасушымен сөйлесу барысында біздің қимылымыз үнемі сөзімізбен ұйқаса бермейді. Ал, бұл құпияны қалай ашуға болады?

Жүріс-тұрыс.

Кез келген зейінді адам жүру мәнеріңізден сіздің қандай екеніңізді ұғына алады. Егер өзіңізді қолы бос емес кейіпте танытқыңыз келсе, онда үнемі асыға алдыға қарай жүріңіз. Сондай-ақ, жүру барысында қадамыңызды серпілтіп тұрғаныңыз жөн. Сонда сізді шығармашылық, белсенді тұлға деп есептейтін болады. Ал, өзіне нық сенімді адамның жүрісін тез айырып тануға болады. Олар табанын басып, аяқ ұшын домалата жүреді.

Денені дұрыс бұру.

Егер сіздің сұқбаттасушыңыз бір емес бірнеше адамды құраса, біз ең тартымды әңгімелесушіге бұрылып қарайтынымыз рас. Я болмаса, құрметтің белгісі ретінде жетекшіге қарап бұрылатынымыз тағы бар.

Жақындап келу.

Әдетте біз тартымды адамдарға жақын болуға тырысамыз.

Көзді уқалау, жұму.

Сұқбаттасушының әңгіме барысында көзін уқалап, оны қолымен жауып, қабағын түсіре бастағаны – естіген қауіпті ақпараттан сақтанғысы келетінін білдіреді.

Қасты жоғарыға көтеру.

Бұл белгі – болған оқиғаға қызуғышылық танытқаныңызды көрсетеді. Ал, қабағыңызды түйсеңіз, сіздің қорықаныңызды, яки ұялып тұрғаныңызды айқындайды.

Ілтипат.

Әңгімелесуші бетіне түскен шашты алып тастауын күнделікті көреміз. Ал, сіз мұндайды байқадыңыз ба? Бұл оның қобалжулы екенін айқындай түседі. Я болмаса, наздану арқылы сіздің ілтипатыңызға ие болғысы келеді.

Ерінді тістелеу.

Ернін жалап, тістелейтін адам күйзелісті халде екенін айқындау қиынға соқпайды. Ол мұндай әрекетке өзін жұбату үшін барады.

Шынайы күлкі.

Күлкіде ерін емес көзіңіз жадырап, шаттыққа толы болады! Дегенмен, сіз жұмыста өзіңізді ұстамды ретінде көрсеткіңіз келсе, аз күлуге тырысқан абзал. Шектен тыс күлу – әріптестер алдында сіздің бойыңыздағы салмақтылық қасиетін жояды.

Басты изеу

Сұхбаттың қызықты әрі оны мұқият тыңдап отырғаныңызды білдірткіңіз келе ме? Ендеше, оған кішкене басыңызда изеп, оның бір сөзін қалт жібермейтін кейіп танытыңыз.

Көз.

Сізге қарама-қарсы отырған адам бір минутта 6-8 рет көзін ашып жұмуы әбден мүмкін. Бұл оның қатты қобалжып отырғанын білдіреді екен.

Мұрын.

Өтірік айтып тұрған адамды мұрнынан тануға болады. Мәселен, шындықты жасырып, алдап тұрған адам мұрнын қаси бастайды.

Көзқарас.

Көзқарас арқылы сіз оны қызықтырасыз ба, әлде қызықтырмайсыз ба айыруға болады. Егер сұқбаттасушы сізден көз алмай қарап тұрса, ол сізді алдап тұрғаны. Соған қарамастан, сізге қарап, оны жасырғысы келетінін білдіреді.  Көзқарасын тез ауыстыру бір-бірін ұнататын жандар арасында көптеп кезедеседі. Ал, ержігіт сізге қарап, бірден көзін алса, сіз оған ұнайсыз дегені. Алайда, ол сіздің жауабыңыздан хабардар емес. Тез көз қарастың ауысуы «жоқ» деген сөзден қорыққанды білдіреді.

Изеу.

Өз қызығушылығыңызды басыңызды бірнеше рет изеу арқылы білдіре аласыз. Егер бірден 3 рет изесеңіз, әңгіменің соңы болмайды. Сондықтан, тезірек бітіргіңіз келетін сұқбатқа басыңызды бір рет қана изесеңіз жеткілікті.