Бала саулығыДенсаулық

Осы уақытта белең алатын дерт: ішек инфекциясы

Балада құсу, іші өту сияқты «ішек тұмауының» белгілері байқалса, не істеу керек?

Ішек инфекциясы – маса шаққаннан да жаман. Бұл ауру барлық жыл мезгілінде кездесе береді. Жазда энтеровирус пен «улану» барлық адамның мазасын қашырса, қыста қысқы норовирус және ротавирус («ішек тұмауы») ішек инфекциялары жүреді. Ал, оқу жылы басталысымен баланың мектепте не ішіп жүргенін бақылап үлгергенше, көпшілігі ішек инфекциясының шырмауына ілініп үлгереді. Мұндайда кез келген ішек инфекциясы сөзсіз дәрігердің кеңесімен емдеуді қажет етеді.

Дәрігерге дейін балаға ата-ана көмегі ауадай қажет. Ең бірінші, іш өту және құсумен жоғалтқан сұйықтықты ағзаға қайтару тиіс. Мұндайда емшек еметін болса жақсы. Баланы қайта-қайта емізу арқылы сыртқа шығып кеткен микроэлементтерді, инфекциямен күресетін пайдалы заттарды қайтаруға болады.

Ал одан үлкендеу сәбилерге қалай көмектесеміз? Бұл кезде суды көптеп ішкізу әдісі – барлық ішек инфекциясының негізі емі.

Сұйықтықпен емдеу:

  • Емнің жасалу жолы өте қарапайым. Ең алдымен дәрі тамызғышты елестетіңіз. Қасыңызға қайнаған немесе тазартылған суды, шай қысықты және сағатты алып қойыңыз. Әр 3-4 минут сайын балаға бір қасық су беріп отырыңыз. Солайша кем дегенде бір стақан суды тауыссын. Егер балаға сіңіргіш смекта, неосмектин не басқа сұйық дәрілерді бергіңіз келсе, оны сумен қатар ішкізіңіз. Ол үшін бір қасық су, 4 минуттан кейін бір қасық дәрі, тағы 4 минуттан кейін су бересіз. Осылай бірнеше рет қайталайсыз. 40-60 минуттан кейін суарудың аралығын 2-3 минутқа дейін азайтуға болады. Балаға бір уақытта көп су беруге болмайды. Ол қайта жүректі айнытуы мүмкін.
  • Дәрігерге барғанға дейін балаға мына сұйықтықтарды ішкізуге болады:
  • сұйық әрі дәмді шай;
  • құрғақ жемістерден (мейіз, өрік) қайнатылған компот;
  • суға араластырылған алма шырыны;
  • сәбіз бен күріш қайнатпасы;
Назар аударыңыз! Регидронды дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды!

Бұл сұйықтық орнын толтырушы дәрі. Бірақ ол барлық балаға жарамайды. Тек дәрігер ғана оны қажетті мөлшерін ұсына алады. Регидронның құрамында тұз көп. Оны дұрыс қолданбаған жағдайда іш ауруын одан әрі асқындырып, денедегі сұйықтықтың азаюына әкелуі мүмкін.

Сұйықтықтың тиімділігі баланың жағдайына байланысты болып келеді. Суарудан кейін баланың құсуы барынша сиреп, аз уақытта тоқтауы тиіс. Өзін әлдеқайда жақсы сезініп, несебі мөлдір болып, исі аса шықпауы керек.

Егер зәрдің түсі ашық, қоюлау болса – ағзаға сұйықтық жетіспейді деген сөз. Бұл кезде сұйықтық беруді қайта жалғастырған дұрыс. Ал, бала кіші дәретке сирек отырып, іші өте берсе – тез арада дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.

Тамақтандыру

1. Бала қатты құсқан кезде оған тамақ ішкізудің қажеті жоқ. Бірақ сұйықтық бергеннен бірнеше сағат өткеннен кейін, науқастың жағдайы біршама тұрақтанғанда, міндетті түрде тамақ беріңіз. Ішек инфекциясы кезінде ашқұрсақ болу өздігінен құсық шақыруға себепші болады. Сондықтан баланың қасына аздаған тұздалған құрғақ крекер, мейіз, өрік, бананның кесілген бөліктері, ақ немесе қара нан, тәтті немесе тұзды қытырлақ нандар, нан таяқшалары және т.б. тағамдар қойып қойыңыз. Соның ішінен өзінің тәбеті тартқанын алып жеп, су ішуді жалғастырсын. Егер бала бірдеңе жегісі келіп сұраса, аз-аздан беріңіз! Бір рет тойып жегенше, үш рет аз мөлшерде жегені дұрыс.

2.Аурудың 2-5-ші күнінде құсуы толық басылып, тәбеті қайтарылғаннан кейін, нәрестенің тамақтануы бұрынғыдай болады. Әрине, фаст-фуд, консервіленген тағамдардан аулақ болыңыз. Негізгі тағамдарға – ет, көкөніс, жармалар, балық және т.б. жатады. Бұрын қалай тамақтанса, солай қалдырыңыз. Арнайы шектелген диетаның қажеті жоқ. Сорпа, ботқа, салат, жеміс-жидек, көкөніс те өте жақсы. Ең тиімдісі – сүт және сүт өнімдері (ірімшік, сүзбек, сүтке піскен ботқалар және т.б.)

Вирустық ішек инфекциялары лактоза, сүт қышқылын сіңіруге қажетті фермент шығаратын жіңішке ішекті зақымдайды. Тиісінше, шырышты қабаттар мен ферменттердің өндірісі қалыпқа келу үшін кемінде 7-ден 14 күн уақыт қажет. 

Егер осы кезеңде ферментсіз лактоза азық-түлік арқылы ішке түссе, нәжісі көбіктеніп, іші аура бастайды.Сондықтан, дәрігермен кеңескеннен кейін құрамында лактозасы бар (сүт, ірімшік, сүзбе, ауыр жағдайларда қышқыл сүтті сусындар) өнімдерді шектеуге немесе осы өнімдердің лактозасыз түрлерін таңдауға, сүт өнімдеріне фермент лактозасын қосуға кеңес беріледі. 1-2 аптадан кейін ішек жұмысы өз қалпына келеді. Сол кезде толықтай бұрынғы әдіспен тамақтана беруге болады.

Күріш – іштің өтуін тыяды. Бірақ, күріштен басқа да қаражидек қышқылы, (крахмал және көкжидек, олардың тоңазытылғаны да жарамды) алмұрт, үшкүндік айранды да тұтынған жақсы.