Бала тәрбиесі

ІТ БАҒДАРЛАМАЛАУ – АҒЫЛШЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

205Қаралымдар

Бұрын балаларға ағылшын тілін оқыту қаншалықты маңызды болса, қазіргі таңда оларға бағдарламалау негіздерін үйрету де соншалықты маңызды. Егер сіз компьютерді қолдануды бiлмесеңiз, неден бастау қажеттігінен бейхабар болсаңыз, бiз ұсынған мәліметтерге бір сәт назар салыныз.

Технология мен бағдарламалау тілі – әлем сөйлейтін жаңа ағылшын. Ол түрлі салалар мен ұлттарды біріктіреді, жаңашылдыққа үйретедi әрi жаңа компаниялар ашуға мүмкіндік бередi.

Баланы оқытуды неден бастау керек?

Бағдарламалау негізгі дағдыға айналуда.

Балалық шақта біреулер ағылшын тiлiн тез үйренсе, ал біреулерге тiл меңгеру киынға соғады. Дегенмен барлық атааналар балаларының жанжақты болуы үшiн оларды қосымша сабақтарға қатыстырады. Оның себебi де белгiлi: ағылшын тiлiн бiлмей, халықаралық компанияларға жұмысқа тұру мүмкін емес. Сондай-ақ, халықаралық тiл болашақта әлем бойынша еркін саяхаттауға мүмкiндiк бередi. Бұл тұрғыда ата-аналар ескермейтiн бiр жайт бар. Ол ағылшын тiлiн жетiк бiлу – келешекте табысқа жету мүмкіндігін арттыру үшiн жеткiлiксiз болып табылатындығы.

Әлем мамандардан тiлмен бiрге бағдарламалауды бiлудi және басқа да IT-дағдыларды игеруді талап етедi. Әрбiр адам технологиялардың көмегімен мәселелердi қалай шешуге болатындығын және қандай тiл мен платформаларды қолдана алатындығын бiлуi тиiс.

Балаңыздың кiм екендiгi маңызды емес. Ол техник, гуманист немесе суретші болсын, оған digital-құралдар кәсiбiн жылдам әрi тиiмдi орындауға көмектеседі. Кез келген озық салалар мен перспективалы мамандықтар қазiрдiң өзiнде технологиялармен тығыз байланысты, ал уақыт өткен сайын бұл байланыс арта түседi.

Бағдарламалауды ерте жастан үйрену керек

Цифрлық дағдылар мен бағдарламалауды оқытатын бiрыңғай стандарт немесе бiрыңғай бағдарлама жоқтығы қынжылтады. Ағылшын тiлiнде қандай тақырыптар мен дағдыларды жетiлдiру қажеттiгiн түсiндiретiн әрi бақылау емтихандарын тексеруге көмектесетін деңгейлер (elementary, intermediate және т.б.) бар.

Бағдарламалауда бекітілген ереже жок. Таңдау ауқымы кең әрi сан алуан, сондықтан да әр баланың өз жолы бар. Себебі, ол бала бойындағы дағды мен қызығушылыққа байланысты. Ата-ана мұны неғұрлым тез түсiнсе, баланың да алғашқы қадам жасауы оңайырақ болады.

Бүгiнгi күнi бағдарламалауды бiрiншi сыныптан бастап үйренуге мүмкіндік бар. Әрине, мұндай тапсырмалар үшiн арнайы жасалған қарапайым құралдар болуы керек. Мысалы, Scratch визуалды тiлi немесе аты аңызга айналған Minecraft ойыны арнайы модульдердiң арқасында нысандарды дамыту және шағын ойындар жасау алаңына айналуда. Сонымен қатар кез-келген платформада бала өзiне ыңғайлы тәсiлдi таба алады: Scratch-те шығармашыл бала кейіпкерлерді суреттеуді және анимациялауды үйренсе, математикаға жақын бала логика мен бағдарламалауды қолдана отырып, ойындар құрастыра алады. Екi жағдайда да бала цифрлық құралдарды игередi, компьютермен жұмыс істеуді үйренеді және өз жобаларын жасайды.

Кез келген жан, ол суретшi немесе ғалым болсын, өзiнiң бiлiм беру бағытын құра алады. Өзіне керек және тапсырмаларға қажеттi кәсiби құралдар мен бағдарламалау тiлдерiн үйренеді.

Бірақ бiлiм беру бағытын құру – бөлек мiндет. Мұны істеу үшiн сіз қандай бағдарламалау тілдері бар екенiн, олар қандай тапсырмалар үшiн қажет екенін және қандай жағдайда бiр тақырыптан екiншiсiне ауысу керектігін түсінуiңiз кажет. Сондай-ақ, балаға тiлдi үйренуге көмектесетін жобалар мен басқа да тапсырмаларды ойлап тапқан жөн. Осы қадамдарға бару үшiн сiзге балаңыздан бұрын бағдарламалауды үйренген абзал немесе бірнеше арнайы әдебиет оқу керек.

Балаңыздың қабiлетiн бағалайтын, сабақтарды қалауы мен мүддесіне сай таңдайтын және балаңыздың ІТ саласына қарай бет бұруына жол ашатын кәсiби мамандардың көмегiн қолданған дұрыс әрi баланы арнайы курстарға қатыстыру да тиiмдi. Сонда 13-14 жасында баланың IТ-дегi технологиялар, тiлдер мен мамандықтар туралы кең түсiнiгi болады, ол ненi қалайтынын толық бiледi. Балаңыз кәсіби мамандардың жұмыс барысында қолданатын құралдарын игерiп, өз қабiлетi мен қызығушылығын жете түсiнедi. Ал егер балаңыз кәсiбі бағдарламалау емес, басқару екенiн сезсе, болашақ инженерлер тобымен ортақ тiл табыса алады және жоба үшiн қандай адамдарды жұмысқа алу қажеттiгiн де бiлетiн болады.

Бағдарламалаудың ұтымдылығы

1. Мүмкiндiктерге жол ашады. Технология мен бағдарламалау тiлi – әлем сейлейтiн жаңа ағылшын. Ол түрлі салалар мен ұлттарды біріктіреді, жаңашылдыққа үйретеді әрі жаңа компаниялар ашуға мүмкiндiк береді. Қазір бағдарламалау және IТ-дағдылармен жұмыс табу, қарым-қатынас жасау, технологияларды қолдану жеңiл әрi тиiмдi. Ал ертеңгі күнi оларсыз ештеңе жасай алмайсыз.

Бағдарламалауды бiлу сiзге халықаралық компаниялардан жұмыс iздеуге және кез келген өмір салтын таңдауға әрi мансап құруға мүмкiндiк береді.

Егер биолог қосмекендiлердi бақылап қана қоймай, big data және машиналық оқытумен де жұмыс iстеудi бiлсе, ол кез келген әлемдік ғылыми зертханадан жұмыс таба алады.

Бағдарламашылар мен IT мамандарға қашықтықтан жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ олар Кремний алқабына, Кипрге, басқа да әзiрлеушiлердi тарту орталықтарына ауыса алады. Әзiрлеушi жұмысын жиi ауыстыруға жүрексінбеу керек, себебі бүгін ол геймдевте жұмыс iстеп жүрсе, ал ертең iрi зауытта бағдарламашы бола алады.

2. Қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Барлықтарыңызға бағдарламашы сыртқа шықпай, үйде тек компьютермен ғана байланыста болатын секiлдi көрінер. Алайда бүгiнде олардың бiрде бiрi жалғыздықта жұмыс істемейді. Себебi, үлкен жобалар тек топтық жұмыста ғана жүзеге асырылады. Ал кейбiр компаниялар тiптi жұптық бағдарламалауды қолданады. Яғни, екi бағдарламашы бiр компьютерді пайдалана отырып, үнемi пiкiр алмасады. Сондай-ақ, бағдарламашыға басқа салалардағы әрiптестерiмен де жұмыс істеуге тура келеді. Мәселен, геймдевте бағдарламашы үнемi гейм-дизайнерлерiмен, иллюстраторлармен, сценаристермен ортақ тiл табуға мәжбүр болады.

IT-технологияларды білу гаджеттердi саналы және сенiмдi пайдалануға көмектеседi. Технологияларды түсiну бағдарламаны реттеуде тиiмдi, яғни ағылшын тілін білмесеңіз де, технологиялардың кемегiмен бағдарламалардың қалай құрылғанын түсiнесiз, мәзiрдi, қажеттi батырмалар мен функцияларды iздей аласыз. Осылайша, сiзге интерфейсті реттеу мен қате пайда болса, қосымшаны құрастыру еш қиындық туғызбайды.

Ұқсас мақалалар:

Гаджетке тәуелділік. Балаңыз ұялы телефоннан түспесе…

Ерекше балалар: Ең ақылды бала