Без рубрики

Жағымсыз түстерден қалай арыламыз?

Жағымсыз түстер - ересектерде де балаларда да жиі кездесетін құбылыс. Оларды жиі көретін болсаңыз, бұл мәселенің шешімін дер кезінде іздестіргеніңіз дұрыс.

836Қаралымдар

Әуелі жағымсыз түстер көрмеуге көмектесетін сиқырлы дәрінің жоқ екенін түсініңіз. Әдетте ұйқының бұзылуы күйзеліс пен шаршаңқылық сезімнің пайда болуымен байланысты.

Жағымсыз түстерден арылудың бірнеше тәсілдері бар. Олар:

Бөлмеде көгілдір жарқтың болмауын қадағалаңыз

Көгілдір жарық көбінесе гаджеттерден шығады. Ұйқыға дейін екі сағат ішінде смартфондарды, компьютерлер мен планшеттерді қолданбауға тырысыңыз.

Көбірек есінеңіз

Бұл әдіс денені алдауға көмектеседі. Қаламасаңыз да жиі есінеңіз. Өйткені, сіздің мінез-құлқыңыз сіздің өзіңіздің сезімдеріңізге тікелей байланысты.

Ыстық ваннаға түсіңіз

Бұл әдіс дене температурасының өзгеруі арқылы жұмыс істейді. Ваннада температура көтеріліп, содан кейін сіз төсекке жатқан кезде күрт төмендейді. Бұл кезде ағза ұйқы туралы денеге сигнал береді.

Жатар алдында тамақтануды қойыңыз

Түнде тамақ ішу – ұйқы кезінде мидың белсенді жұмыс істеуіне әкеледі. Салдарынан жағымсыз түстер көруіңіз ықтима.  Ұйқының сапасын жақсарту үшін жатар алдында тамақтанбаңыз.