Cән мен сұлулықБет күтімі

Jain – мінсіз бет күтімі!

Jain - Қазақстанда өндірілген ең алғашқы бет күтіміне  арналған Lux сападағы кәсіби косметика

Брендтің тарихы 2016жылдан үй жағдайында ерін далабын жасаудан басталды. Ол кезде брендтің негізін қалаушы Жайна өзіне қолдануға құрамы қауіпсіз ерін далабын іздеген еді. Алайда ондай ерін далабы бүкіл Қазақстанда табылмағанына ол қатты таң қалды. Құрамы қауіпсіз ерін далабы тек Малайзиядан табылды, бірақ бағасы қолжетімді болмады.

Бірнеше күннен кейін ерін далап жасау видеосы көзге түсті. Сол кезде “адам жасағанды адам жасай алады” деген оймен “неге өзім ерін далабын жасамасқа?” деп өзіне сұрақ қойды. Бес тілді білуінің арқасында Жайна Тайвань профессорларынан тері күтімі туралы толық білім алып, әлі де білім арттыруды жалғастыруда.

Жайна еш қиындыққа қарамастан алдыға қойған мақсатына ұмтылды. Сол ұмтылысының жемісі – бет күтіміне арналған өнімдер ассортиментінің көбеюі: аминоқышқылдар қосылған бет жууға арналған көпіршік, ылғалдандыру мен нәрлендіруге арналған тонер, гидролаттар, түрлі кремдер мен сывороткалар. Әр клиентке жеке консультация мен керекті өнімдерін жеке-жеке таңдап беру үшін бет терісіне диагностика жасайтын аппаратты Германиядан алдыртты. Бұл аппарат эпидермистің 3-қабатына дейінгі терідегі проблемаларды көрсетіп, қай дақ неден пайда болғанын да көрсетеді. Және де бонус ретінде тері күйіне қарай дұрыс тамақтану жөнінде ағылшынша нұсқаулық береді.

Jain Laboratory – қазіргі таңда Lipolink технологиясы бойынша қасиеті 80күнге дейін сақталатын ретинолы бар кремді шығарған Қазақстанда ең алғаш және жалғыз компания болып табылады. Бұл кремді жасап шығаруға 1жылдай уақыт кетті, себебі ретинол өте капризный, өзінің пайдалы қасиеттерін тез жоғалтады. Ал Lipolink технологиясымен пайдалы қасиеттері сақталған ретинол әжімдерді тегістеп, безеулер мен дақтарды кетіру және жасушалардың жаңаруын тездету сияқты керемет нәтиже береді.

Барлық өнімдер махаббатпен жасалған және құрамында Франция, Италия, Швейцария, Германия, Жапон мемлекеттерінен әкелінген ингредиенттер бар. Өнімдердің құрамы халықаралық өндіруші брендтердің өнімдерінің құралдарымен тең. Яғни люкс сапада, бірақ бәсекелестермен салыстырғанда бағалары қолжетімді. Өнімдердің бәрі табиғи, спирт, бояғыш және зиянды қоспаларсыз.

Басында өнімдер Нұрлы Тау бизнес орталығында сатылды, ол кезде Жайнаға ағасы өзінің жұмысындағы бір үстелді арнап берген еді. Сосын реализация мен консультация коворкинг орталықта, кейін кішігірім бизнес орталықтарда өтті. Ал 2019жылы Алматыдағы Құрманғазы көшесінде өз дүкені ашылды.

Енді бірнеше жылдан кейін Жайнаның арманы орындалып, жақында осы наурыз айында Гоголь 77/85 көшесінде өзінің жеке брендтік үлкен дүкені ашылмақ. Ал компаниясы күннен күнге өсіп, клиенттер үшін білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, белсенді жұмыс істейтін мамандардан құралған тату команда жинады. Клиенттерден өзіне деген сенімділік пен сұлулығын сезінуді сыйлағанымыз үшін күн сайын көптеген жылы лебіз бен алғыс сөздер алып жатамыз.

Басында Жайна жарнама мен қаптамаға мән бермей, тек сапалы өнім шығаруға көп көңіл бөлген. Ал клиенттер Жайна ханымның өнімдері туралы бір-бірінен естіп, тоқтамай келетін. Себебі әр клиенткең жасалатын консультация шындық пен адамгершілікте негізделген еді. Компанияның девизі – шындық және қыз-келіншектердің сұлулық көзіне айналу. Ол үшін бет күтімін қалай дұрыс жасауды үйретіп, жоғары сапалы өнімді шығарудамыз.

Қазіргі уақытта бізді көптеген адамдар тануда, өнімдерімізді кеңінен таныстырсын деп әр түрлі іс-шараларға шақырады. Клиенттеріміз кәсіби косметикамызды қолданып, отандық өндірістің дамуына үлес қосуда.

Біз жұмысымызды жақсы көреміз және әр қыз-келіншектерге өзінің сұлулығына сену сезімін сыйлағымыз келеді.