Жан әлеміӨкініш

Жан-жарым жас қыздарға көз салады…

250Қаралымдар

Қазіргі уақытта отбасылық өмірімнің бірінші жылын бастан кешіп жатырмын. Асқар екеуіміздің бір-бірімізге, мінезімізге енді-енді үйренісіп келе жатқан кезіміз. Жуырда өзімнің жүкті екенімді білдім. Бөбегіміз 5 апталық болып қалған. Токсикоздың кесірінен айтарлықтай арықтап кеттім. Тіпті, айнаға да қарағым келмейді.

Өзіме мүлде қарамай, өзімнен жиіркене бастадым. Күйеуімді де жаныма жуытпай, оның әрбір іс-әрекетіне ашуланатын болдым. Десе де бәрі мұның жай ғана уақытша құбылыс екенін айтты. Жақында жарыммен саябаққа шығып қайтайық дедік. Соңғы айларда мүлде сыртқа шыға алмаған едім. Шулы жерде әзер басымды көтеріп жүрдім.

Бір байқағаным, сүйіктім басқа жас қыздарға көз сала бастапты. Бұрын соңды мұндайын байқамаған едім. Демек, ол да менен жирене бастаған ғой. Солай ма? Оның сәбиін көтеріп, қиналып жүргенімде жан-жарымның басқаларға қызыға, тамсана қарағаны жүрегімді ауыртты. Оны өзіне айтып едім, ашуланып шыға келді. “Сенің бар мақсатың мені ашуландыру. Солайша өзіңді қанағаттандырасың деді”.

Бұдан кейін көз жасыма ерік беріп, еңіреп жылап алдым. Қазір жүктілігіме байланысты сезімтал болып алғанымды білемін. Десе де, жарымның мені түсіне алмағаны, маған оның іс-әрекеттерінің қаншалықты жағымсыз екенін аңғармайтыны ұнамайды.

Өзімді қалай қолға аламын? Туамын дегенше күйеуімнен айырылып қаламын ба деп уайымдаймын. Қазір көшеде әр еркекке қылымсыған қыздар көп. Ар-ұят дегеннен жұрдай болған…