Екеудің құпиясыЖан әлемі

Жан құрбым екі жылдан бері күйеуіммен ойнас болған

3.78K (1000)Қаралымдар

Жақында ғана күйеуімнің жан құрбыммен екі жылдан бері менің көзіме шөп салып жүргенін білдім. Шынымды айтсам, оған деген сезімім сол кезде су сепкендей басылды. Оның маған ашылып айтқан бар шындығын сабырмен қабылдадым. Жүрегім қарс айырылғандай сезім де болмады.

Жұбайымның сөзінше, ол Альмирамен екі жылдан бері жүріп келген. Екеуі жалдамалы пәтерде менің ту сыртымнан кездесіп жүріпті. Тіпті, құрбымның қазір аяғы ауыр екен. Сол себепті де күйеуім маған бар шындықты айтуға мәжбүр болыпты. Олардың арасында сезімнің қалай пайда болғанын, қалай ғана маған опасыздық жасауға дәттерінің барғанын сұрай алмадым. Тіпті, білгім де келмейді.

Бірақ ол менімен, баласымен бірге қалғысы келетінін айтып, ажыраспауымызды өтінді. Альмираға тіпті, түсік жасатуға ақша беріпті. Оның қаншалықты дұрыс жасағанын білмеймін. Алайда өз басым оның опасыздығын кешіріп, түк болмағандай кейіп танытып жүретін жайым жоқ. Қазір ажырасуға арыз бермекпін. Күйеуімді де құрбымды да кешіре алмасымды білемін. Бәрін ұмытып, жаңа өмір бастағым келеді.