News

Жаңа туған нәресте өзінің жерлеу рәсімінде оянды

884Қаралымдар

Үндістанның Гогунда қаласында қателікпен өлдіге саналған нәрестенің жерлеу рәсімі ұйымдастырылды.

Кішкентай нәресте 9 шілде күні дүниеге келген. Алайда жас босанған әйелдің енесі медбикенің оларға сәбидің шетінеп кеткенін айтып, денесін полиэтилен пакетке орап бергенін айтты.

Отбасы жерлеу рәсіміне бірден дайындала бастапты. Алайда жерді қазып жатқан кезде сәби шырылдап жылаған. Қыздың ата-анасы бірден дәрігерлердің көмегіне жүгінген, алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.

Кішкентай қыздың қайғыдан қан жұтқан туыстары медициналық орталық қызметкерлерін немқұрайлылық танытқаны үшін айыптады. Алайда дәрігерлер өздерінің кінәсін жоққа шығарып, отбасының өлім туралы ресми анықтаманы алмастан денені алып кеткенін айтты.