ДенсаулықСаулық үшін

ЖАСТЫҚ ШАҚТЫ ҰЗАРТЫҢЫЗ!

Көпшілігіміз ағзаның жасаруына ықпал ететін табиғи өнімдердің бар екенін естен шығарамыз. Мәселен, олардың қатарына біз күнделікті тұтынатын қарапайым тағамдарды енгізуге болады. «Сырласу» қартаю процесін тежейтін ең пайдалы деген өнімдердің тізімін ұсынды.

Кез келген адам жас әрі сау болуды армандайды. Ол үшін көп арулар түрлі кремдер мен маскалардың, қала берді биологиялық белсенді қоспалардың, дәрумендердің көмегіне жүгінеді. Дейтұрғанмен олардың бәрі бірдей қажетті нәтиже бермеуі мүмкін.

1 Қызылша

Қызылшаның құрамында суда еритін талшықтар көп болғандықтан ол ағзадан токсиндерді және бос радикалдарды кетіруге көмектеседі. Сондай-ақ, қызылша теріні және қанды оттегімен байытады. Бұл өнім ағзаны сергітіп, қуаттандырады.

2 Брокколи


Құрамында құнды аминқышқылдар мен дәрумендердің көп мөлшері бар. Ол целлюлиттің пайда болуына жол бермейді және терінің мықты әрі серпімді болуына септігін тигізеді. Бұл өнім ағзадағы қалдықтар мен токсиндерді де шығарады. Сонымен қатар, брокколи қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі

3 Зімбір
Зімбірдің бактерияға қарсы қасиеті бар. Ол сондай-ақ иммундық жүйені нығайтады. Сондай- ақ, зімбір қан айналымын жақсартып, ас қорыту ж үйесін реттеп, миды оттегімен қамтамасыз етеді, осылайша ақыл-ой белсенділігін арттырады.

4 Шпинат
Шпинат терінің серпімділігіне жауап беретін маңызды коллагеннің пайда болуына ықпал етеді. Оның құрамында С дәрумені көп. Аскорбин қышқылы иммундық жүйені нығайтады және ағзаның жалпы жағдайын жақсартады. келе алмайды. Уақыт өте келе шаршаңқылық сезімі созылмалы түрге айналады.

  5  Асқабақ дәні

Асқабақ дәнінің құрамында мырыш, триптофан және полиқанықпаған май қышқылдары көп. Олар терінің икемділігін жақсартады және жараның тез жазылуына ықпал етеді. Ал триптофан ұйқыны
реттейді.

6 Майлы балықтар


Майлы балықтарға албырт, сардина, майшабақ, скумбрия жатады. Олардың барлығы омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарына бай. Ал олар өз кезегінде терінің, шаштың және тырнақтың күйін жақсартады, көңіл-күйді көтереді, сондай-ақ, есте сақтау қабілетіне оң әсер етіп, әжімдердің пайда болуына жол бермейді