Cән мен сұлулықДене күтімі

Жібектей шашқа қол жеткізудің 6 сыры

Жалт-жұлт етіп жалтыраған, қалың шаштың иесін көргенде гені мықты деп ойлаймыз. Бірақ, дұрыс күтімнің де маңызы зор екенін ұмытпаған жөн. Мінсіз шаштың күтімі қалай жасалады? Біздің кеңеске көз салыңыз.

Кәсіби hair-стилистке барыңыз

Шаш үлгіңіз түріңізге, бет-әлпетіңізге, шаш құрылымыңызға сай қиылғанда ғана сәнді көрінеді. Кәсіби маман сізге жаңа үлгі жасамас бұрын, осының барлығын ескереді. Сондықтан, шаштаразшыға барудан ақша үнемдеудің қажеті жоқ.

Дұрыс жуыңыз

Бас жуған кезде судың салқындығына назар аударыңыз. Қоңырсалқын не бөлме температурасындағы суды тұтынған дұрыс. Жуу ретін дұрыс сақтап, шаш түбіне массаж жасаңыз.

Кондиционерді шашты жумай тұрып жағыңыз

Осылайша екі оқпен бір қоянды атасыз: шаш жеңіл таралады, әрі тез майланбайды, кірлемейді. Есесіне жылтырай түседі.

Бас терісін тазалаңыз

Сау бас терісі – сау шаштың кепілі. Аптасына бір рет бас терісін кірден, шаң-тозаңнан тазалап тұруды дағдыға айналдырыңыз. Ол үшін мақтаны шай ағашының майына батырып алып, бас терісіне жағу қажет. 30 минуттай ұстап, жуып тастаңыз.

Жиі тарамаңыз

Шашыңызды қаншалықты аз түртпектесеңіз – олар соншалықты сау әрі әдемі. Мамандар күніне 5-6 рет тарау керек деген қағиданы теріске шығарған.

Табиғи өнімді таңдаңыз

Табиғи бояулар шашты зақымдамайды. Одан әрі мықты, қалың да жылтыр болуын қамтамасыз етеді. Химиялық заттардан барынша аулақ болыңыз.