ДенсаулықСаулық үшін

Жүзіңізге жазылған 7 індет

Ауру меңдегенде бастысы - оны ерте байқап, алғашқы сатыларында ем қолдану. Ол үшін денеде болатын кез келген өзгерістерді бақылап, уақытылы дәрігер кеңесіне жүгініп отыру керек. Бақытымызға орай, көп дерттің алғашқы белгілерін жүзіңізден байқауға болады.

Жүрек ұстамасы

Көздің айналасындағы кішкентай сары түйнектер холестериннің жоғарылағанынан хабар береді. Ол жүрек ұстамасына, не жүрек- қантамыр ауруларына әкелуі мүмкін. Уақытты босқа жұмсамаңыз, ЭКГ жасаңыз және кардиолог қабылдауына жазылыңыз.

Инсульт

Беті мінсіз симметриялы адамдар жоқ, ол тек суретшілердің туындысында ғана шығар?! Негізі көп жағдайда асимметрия көзге түсе қоймайды. Егер сіз өзіңізді немесе жақыныңыздың бетінің сондай формаға түскенін байқасаңыз, әлде бет бұлшықеттерінің қимылы азайғанын аңғарсаңыз тез арада дәрігерге көріну керек. Бұл жүйке жүйесінің зақымданғанынан, не инсульттің алғашқы белгілері болуы мүмкін.

Эндокриндік жүйе аурулары

Беттегі артық түктер – косметологқа жүгінуді немесе депиляция жасату керектігінен ғана хабар бермейді. Көбінде әйелдердегі түктің көбеюі гармондар балансы бұзылғанының дәлелі. Әсіресе, гирсутизм немесе поликистозды аналық синдромның зақымдануы болуы мүмкін. Ең дұрыс шешім – эндокринологпен кеңесіңіз.

Диабет

Бетте ұсақ әжемдердің бірден көбеюі аурудан келген белгі болуы ғажап емес. Сондай-ақ, кенеттен туған мұндай әжімдер эндокриндік жүйенің тағы бір ауруының белгісі болуы мүмкін. Мысалы, гипотиреоз, қалқанша безінің гормондарының жеткіліксіздігі секілді. Эндокринологқа барыңыз, қандағы қант мөлшерін міндетті түрде тексеріңіз.

Анемия

Теріңіздің «ақсүйектердей» ағарып, әдемі болуы мүмкін, бірақ сіздің әдеттегі келбетіңізден тым бозарып кетсе, дәрігерге көріну керек деген сөз. Дереу гемоглобин деңгейін тексергеніңіз абзал. Өйткені, ол анемияның белгісі болуы мүмкін. Оған қоса үнемі шаршау, әлсіздік сезіліп тұратын болады.

Апноэ (дем жетпеу)

Апноэ – бұл аурудың қауіпті түрі, ол кезде адам дем ала алмай қалады. Оның негізгі белгілері – қатты қышыну, таңертең шаршап ояну, бас ауруы. Сондай-ақ, иек, жақ пен мойынның орналасуы өзгеруі мүмкін. Мұндай белгілерді байқасаңыз, бірден дәрігердің қабылдауына барыңыз. Өйткені, оның асқынуы аса қорқынышты.

Аутоиммунды аурулар

Бетте пайда болған қызыл бөртпелер аутоиммунды аурулардан белгі бере алады. Сонымен қатар, егер бөртпе тығыз және жиі қышитын болса целиак ауруыны себеп болады, яғни азға глютенді дұрыс сіңірмейді.