Нумерология

ҚАЙ КЕЗДЕ ОТАУ ҚҰРҒАН ДҰРЫС?

Отбасын құруға ең оңтайлы кезең – 20 және 29 жас аралығы. 26 жасты қоспаймыз. Өйткені дәл осы жаста жұптар арасындағы және отбасындағы қарым-қатынас ең алдыңғы қатарға шығады. Соның ішінде 23, 24, 25, 27 және 29 жастар шамасы некеге тұруға ең қолайлы мезгіл.Нумерология жұптардың бірге өмір сүрген жылдарындағы орын алатын қиын сәттерді былайша топтастырады: 3, 8, 11 және 22 жыл.

Бірге болған 3 жыл – жұптардың өміріндегі алғашқы қиын кезең. Осы уақытта 2 эгоизмнің 1 арнаға тоғысқанын көруге болады. Әрқайсысы өзбетінше, өз қызығушылықтарымен айналысып жүреді де, одан әрі дамиын десе, қасындағы адам оған кедергі келтіретіндей көрінеді. Ерлі-зайыптылар осы кезеңді ештеңеге қарамай бағындыра алса, уақыт өте келе қарым-қатынастары жақсы дамып, өркендейді.

8 жыл – неке үшін қауіпті кезеңдердің бірі. Осы уақыт ішінде болған нәрсенің бәрі шексіздікке айналады. Бұрынғы қызық азайып, өзара бағасы жоғалады. Кейбір некелер ажырап та кетеді. Арада нағыз махаббат болса, бір-бірін бағаласа, бұл кездегі тоқырауды еңсеріп, қайтадан бақытты ғұмыр кешуге болады.

11 жыл – бұл да отбасы үшін қиын кезең. Өйткені алаңға екі бірлік және екі эго қайта шығады. Эго – шағым айту, менмендік, көп нәрсе талап ету, адамды өзіне бағындыру, өзін табуға деген ұмтылыс.

18 жыл – жұптардың өмірінде орын алатын өте ауыр мезгілдердің бірі. Бұл кезде адам үшін өмірдегі барлық құндылықтар қалыпты жағдай көрініп, махаббаттан басқа дүниенің бәрі өтеді. Өзімшілдік алға шығады. Жұптардың қарым-қатынасты жалғастыруға, мәңгі үйлесімде өмір сүруге деген ұмтылысы болса ғана бұл дағдарыстан шыға алады.

Бірге кешкен 22 жыл – шамадан тыс күш жұмсау. Яғни, жұптың ішіне тағы бір жұп әсер етеді. Ашық айтқанда, жылдар бойы дамып келе жатқан жұп пен ең әуелгі жұптар тартысы. Иеленген және дәмелінің арасындағы дау. Нәтижесі күткеніндей болмай, көңіл қалушылық жиі орын алады. Алайда ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы жақсы болып, арада махаббат болса, адам өзі қалаған нәрсеге қол жеткізе алады.

Осылайша некедегі қауіпті кезеңдерді біле отырып, ажырасудан сақтануға болады. Жұптар бұл жылдары жай ғана бірге болуға тырысып, береке, бірлікті және махаббатты сақтай білу керек.Бірақ шын мәнінде некелі өмірде келеңсіз сәттерден гөрі бақытты шақтар көп. 5 және 7 сандарына аяқталатын барлық жылдар (мысалы, 25, 37 және т.б.) некеге тұруға және отбасын құруға өте қолайлы. Тұрмыс құратын кезде екі адамның туған жылы одақтас екенін ескеріңіз. Сандарды есептей отырып дәл қазір қарым-қатынаста қандай кезең орын алып жатқанын білуге болады.