Жан әлеміӨзіңді дамыт

Қажеті жоқ 5 сөз

Сіз аңғармасаңыз да, өзіңіз туралы жағымсыз әсер қалдыратын сөздер бар. Қауіпті фразаларды қолданбауға тырысқаныңыз жөн.

«Жай әншейін…»

Көпшілігіміз «жай әншейін» деген сөзді жиі қолданамыз. Мәселен, «Мен жай әншейін мазасызданым тұрмын, себебі…», «Жай әншейін маған қызық болып тұр». Өзіңізді ыңғайсыз сезінгендей немесе кешірім сұрағандай боласыз. Бұл жағымсыз сөзден түбегейлі құтылыңыз.

«Кешіріңіз, бірақ…»

Әрине, шынайы кешірім сұраудың орны бөлек. Алайда, кей әйелдер шектен тыс қолданып, сөздің сүйкімін кетіреді. «Кешіріңіз, бірақ менің сұрағым бар еді…» деудің қажеті жоқ.

«Шындығында…»

Әңгімені «шындығында, негізінде, ақиқатында» деп бастамаңыз. Келесі адамға келіспеген дүниеңізге өзіңіз таңғалып тұрғандай әсер қалдырасыз. «Шындығында, менің ойым басқаша…», «Негізінде, мен келіспеймін…» деу сөзіңізге сенімділік бермейді.

«Түсінесіз бе?»

Бұл сұрақ тыңдаушыға ой қалдыруға мүмкіндік бермейді. Қайта сіздің өз айтқаныңызға күмәнданып тұрғандығыңызды танытады. «Сұрағыңыз бар ма?», – деп сауалды төтесінен қойыңыз.

«Мен сарапшы емеспін, бірақ…»

Әдетте  мұндай сөйлемді ой жинақтауға қолданады. Дегенмен, өңін өзгертіп айтыңыз. Мысалы: «Міне, менің ойым…». Әйтпесе, қарсыласыңыз сөзіңізге күдік келтіреді.