ДенсаулықСаулық үшін

Ағза  дабыл қағады: Көктемде қандай дәрумендер ішу керек?

Қыс мезгілінде біздің ағзамыз қоректік дәрумен тапшылығына  ұшырайды. Тапшылықты сезу тым қиын емес. Тек ағзаның бізге берген  белгісін түсіну қажет болады.

№1 Аяқ-қолыңыздың ұйып, арқаңыздың құрысып қалуы

Сіздің ағзада  кальций мен кали және магний тапшылығы байқалады. Бұндай жағдайда саумалдық пен брокколи, бадам және орман жаңғақтарын ас мәзіріне қосқаныңыз дұрыс болады.

№2 Ауыздың уылуы, ауыздықтың шығуы

Сізге темір , мырыш В3, В2 және В12 дәрумендері жетпейді деген сөз. Қыс мезгілінде ет пен балық және жұмырқа жеуден жалықпау керек. Ас  бұршақ пен қызыл бұрышты да осы мәзіге қолданғайсыз.

№3 Қол мен аяқтың тартылып қалуы

Фоли қышқылы мен В6 мен В12 дәрумендері жетіспегенде осындай тартылып қалу жағдайы болады. Көңіл-күйіңіздің түсіп кетуі де осы дәрумендердің жетіспеушілігінен деп білеміз. Жаңғақтар мен құрғатылған таңқурайдың құрамында аталмыш дәрумендердің көп екенін айтып өтейік.

№4 Шаштың түсуі мен бетке түскен секпіл

Биотинғ яғни В7 дәрумені жетпеген жағдайда орын алатын жағдай. Авокадо мен қызыл балықты тұтынудың пайдасы бар. Бөдене жұмыртқасы да артық етпейді.

№5 Өкше мен тері қабатының жарылып кетуі

Зияны жоқ майлы тағамдар жеу керек. Мәселен майлы балықтар мен бадам , грек жаңғақтарының пайдасы мол. Сонымен қатар тамақтануда қызыл бұрыш пен сәбізді пайдалануды әдетке айналдырғайсыз.