Ас мәзіріТәтті дәм

«Қара көйлек» десерті

Кешкілік астан кейін не шай ішер кезде тәттіге ерекше құмартамыз. Сыралғы құрбыңыз өздеріңізге өте жеңіл әрі дәмді десерт түрін ұсынады.

Құрамы:

  • Шоколод қосылған бисквит 70 гр
  • Крем-чиз 80 гр
  • Маусымдық жидектер 50 гр
  • Жалбыз

Дайындау әдісі:

1. Кәдімгі шоколадты бисквит дайындап аламыз. Бисквиттің пішіні шағын әрі дөңгелек болу керек.

2. Дайын болған бисквитті үш қабатты етіп қаттап орналастырамыз.

3. Бисквиттің әр қабатының арасына жидектер мен кілегейді араластырып, жағамыз.

4. Дайын болған десертті жалбызбен сәндеуге болады.

Ас болсын!