Бала тәрбиесіОтбасы

Карантин кезінде баланың оқуға деген ынтасын қалай оятамыз?

Бүгінгі уақытта коронавирус падемиясының салдарынан әлемде жаппай карантин жарияланды. Бұл әрине өз кезегінде ең әуелі мектеп оқушыларына айтарлықтай әсер етті. Өзін-өзі оқшаулау кезінде қашықтықтан сабақ оқу бала үшін де ата-ана үшін де өте қиын. Алайда осы орайда ата-ана баланың біліміне ден қойып, оны дұрыс бағытта жетелеп отыруы керек.

Бала зейінін ашудың бірнеше жолы:

Ақшалай сыйлыққа жол жоқ

Балаңызға жақсы оқу үлгерімі үшін ақшалай сый беруге уәде етпеңіз. Аса бағалы сыйлық сыйлауға сөз берсеңіз, бала сабақты одан әрі жек көріп кетуі мүмкін. Себебі ол қалағанына жетуге кедергі болады.

Баланың жеке басына баға бермеңіз

Үй тапсырмасын орындағаны үшін оған “жарайсың!” деп айтпаңыз. Оның орнына жасаған ісінің жағымды жағын атап өтіңіз. Мәселен:

“Керемет! Бұл жолы сен тапсырманы өткен жолға қарағанда тезірек аяқтадың”, “Күшті! Ағылшын тілінде үш жаңа сөз жаттадың!”, “Мәссаған! Барлық мәтінді түсінікті етіп жазыпсың” деген жөн болар.

Балаңызға қатал болмаңыз

Баланы жазалайтыныңызды айтып, қорқытпаңыз. Себебі осылайша оны күйзеліске түсіруіңіз мүмкін. Керісінше, сабақты толық оқып біткеннен кейін оған далаға шығып, серуендеуге немесе үйде түрлі ойындар ойнауға мүмкіндік беретініңізді айтыңыз.

Егер отбасыңызда бірнеше бала болса, олардың арасында бәсекенің тууына жол бермеңіз. Бала жаңа пәнге қызығушылық танытса, оны оқуға уақыт бөледі, ынта-жігері пайда болады.

Ал бәсекелестік баланың асығыстық танытып, қателіктер жасауына әкеп соғуы мүмкін. Ол бар күшін пәнді меңгеруден гөрі сізден қандай да бір сый алуға жұмсайтын болады.

Тапсырманы орындауға кететін уақытқа шектеу қойыңыз

Мәселен, үй тапсырмасын 1 сағатта орындап болғаннан кейін, балаға белгілі бір материалдық емес бонус беріңіз, ал 1,5 сағат ішінде орындап бітсе, келесі үй тапсырмасына қосымша 10 минут қосыңыз. Егер бала тапсырманы орындауға көбірек уақыт жұмсаса, ата-ана баласына тек оң баға береді.

Бағаны емес, алған білімі жайлы сұраңыз

Балаға ашық сұрақ қойыңыз:

«Үй тапсырмасының ішінде қайсысын бірінші орындағың келеді?» деп сұраңыз. Бұл оның өз бетінше шешім қабылдауына түрткі болады. Осылайша ол ата-анасының тарапынан қысым көрмейді.

Ең бастысы – оның тұлғалық қасиетіне нұқсан келтірмеңіз. Баланың іс-әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытқаныңыз абзалырақ болар.