Нумерология

Қараша –  жаңа мүмкіндіктер айы

Қытай метафизикасы тұрғысынан қараша айы – маусымаралық сипаттамалары басым болатын уақыт. Яғни, күзден ылғалды әрі суық қысқа көшу кезеңі. Өтпелі кезеңді Жер стихиясы басқарады. Адамдар өзін-өзі тану мен дамытуға ұмтылатын уақытта біз сәл кідіріп, осы жылы өзіміздің қандай мақсаттар қойып, оларға жете алғанымызды, не жете алмағанымызды саралай аламыз. Қараша айында ең бастысы – қол жеткізген нәтижелерді бекітіп, оларды жоғалтып алмау керек.

Күн бірте-бірте таудың артына тығылып, жылу беруін бәсеңдеткен секілді қараша айы да ортасына қарай қоғам арасында салқынды тудырады. Әлеуметтік толқулар жалғасып, ел басшыларының арасында қиындықтар пайда болуы мүмкін. Осы айда саяси және әлеуметтік өмірде жаһандық өзгерістер басталуы мүмкін. Бұл ай сізді достарыңызбен не серіктестеріңізбен сынайды. Біреулер сыннан өтсе, енді біреуі өте алмас.  Осы айда үйді безендіріп, (Фэн Шуй секторларын ескере отырып) жөндеу жұмыстарын жүргізген өте жақсы.

Сондай-ақ, күйзелісті сезінуіңіз мүмкін. Жиі таза ауада серуендеп, қимыл-қозғалыста болу қажет. Шығармашылықпен айналысып, рухани дамуды, жаңа білім алуды көздегеніңіз абзал.

Қараша айындағы оңтайлы күндер:

1,5,8 қараша: Бизнес бастау, қоныс тойын тойлауға, қонақ күтуге қолайлы күндер. Жаңа кәсіп бастауға немесе ұзақ үзілістен кейін оны жалғастыруға, келісімдер бойынша келіссөздер жүргізуге болады. Барыс жылы туғандар үшін жарамайды.

3 қараша: Жаңа іс бастауға, қызметке орналасуға, келіссөздер жүргізуге, достарыңызға баруға қолайлы күн. Медициналық көмекке жүгінуге, сапарға шығуға немесе білім алуға болады. Бұл күн қарым-қатынасты орнатуға да, айырылысуға да ыңғайлы. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік сатып алуға қолайлы. Ұлу жылы дүниеге келгендер үшін жарамайды.

5 және 12 қараша: Осы күндері басталған іс берекелі болады. Келісімдерге қол қойып, кәсіп ашып, қоныс тойын тойлап, қарыздарды қайтарып ала аласыз. Үйлену тойларын жасауға, күрделі келісімшарттарға қол қоюға, жаңа қызметке орналасуға кеңес берілмейді. Несие алып, сот ісін бастаудың да қажеті жоқ. Жылқы жылы туғандар үшін жарамсыз. Бұл күндері денсаулығыңызды түзеуге тырыспаңыз.

18, 28 және 29 қараша: Нәтижесі ұзаққа сақталатын процесті бастаған жақсы. Үйлену тойына, жаңа кәсіп бастауға, келісімшартқа отыруға, маңызды қызметкерді жалдауға, үй жануарларын сатып алуға оңтайлы күн. Саяхаттауға немесе жаңа үйге көшуге кеңес берілмейді. Мешін жылы дүниеге келгендер үшін жарамайды.

20 және 21 қараша – жаңа жобаны бастауға, белгілі бір лауазымға орналасуға, келісімге қол қоюға, кәсіп ашуға, жөндеу жұмыстарына кірісуге, іргетас қалауға қолайлы күндер. Дейтұрғанмен бұл датаны толыққанды қолайлы деуге келмес, өйткені оның артынша бәрін жоятын күн тұр. Бұл күндері көшуге және саяхаттауға болмайды. Тауық жылы туғандар үшін жарамайды.

30 қараша – Толастау күні! Бұл күні жасалған сауда сәтті болады! Ешкі жылы дүниеге келгендер үшін жарамайды.

Қараша айындағы қолайсыз күндер:

2, 4, 10, 22, 23 – қарашадағы сәтсіз күндер болып есептеледі. Бұл күндері маңызды істі бастамаңыз.

7 қараша – науқастармен байланыспауға тырысыңыз, ауруханада жатқан таныстарыңыздың жағдайын білуге асықпаңыз, себебі ауру жұқтыруыңыз мүмкін.

2 қараша күні дәрігердің қабылдауында болып, ауыр хирургиялық емдеуді бастауға кеңес берілмейді.

Қараша айы қаржы жұлдызын активациялауға қолайлы

2 қараша күні сағат 11:52-ден 13: 51-ге дейін және 23: 52-ден 00: 51-ге дейін пәтеріңіздің немесе отырған кеңсеңіздің оңтүстік-батысында шам жағыңыз. Секторды анықтау үшін сізге компас керек. Оны кез келген телефоннан табуға болады. Ескеретін жайт, шам 2 сағат жануы керек. Бұл орайда жасыл түсті жуан шамға ден қойған абзал. Дегенмен ондайы болмаса, кез келгені жарайды. Нәтижесінде 2-7 күнде қолыңызға ақша түседі.

Ескеріңіз! Егер бөлменің оңтүстік-батыс бөлігінде дәретхана тұрса, шамды жағуға тыйым салынады.

Осы әдісті жасап көргеннен кейін айтылған мерзімде олжалы болдыңыз ба?Редакциямызбен байланысқа шығып, нәтижеңізбен бөліссеңіз болады.