ОтбасыОтбасы бюджеті

Әйелдер жіберетін 9 қаржылық қате

Forbes журналының ең бай адамдар тізіміне қарасаңыз - олардың арасында әйелдер жоқтың қасы. Неліктен әйелдер ерлерге қарағанда орташа есеппен 28% -ға аз табыс табады? Ендеше әр қыз-келіншек жіберетін 9 қаржылық қателіктерге назар аударыңыз. Көбінесе ақша табу жолын білмейміз. Бірақ әйелдер ескірген мінез-құлықтың стереотиптеріне бағынады, демек бұл проблема психология саласында жатыр.

Қаржылық мәселелерді ер адамға жүктеу

Бізге бала күнімізден бір ғана қағиданы санамызға сіңдіріп келдік: ер адам – асыраушы, әйел заты – ошақты қорғаушы, балаларға, күйеуіне мейірім төгетін жан деп есептедік. Бір мысал: әйел адам тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкеліп, 3 жылға декреттік демалысқа шығады. Артынша екіншісін босанып, тағы 3 жылға созады. Сөйтіп, әйел үйде баламен отырып, маман ретінде өз біліктілігін жоғалтып алады. Десе де, бұл жанұя кең өмір сүргісі келеді. Сондықтан олар барлығын несиеге алады: үй кепілдікте, екі автокөлік те, тіпті үйді жөндеуге арналған қаржы да кредитпен алынған. Біраз жылдан соң күйеуі жұмыс істейтін компанияны жаңа иеленушіні сатып алады да, жалақының жартысын қысқартады, ал оның әйелі 7 жыл үзілістен кейін қалыпты жұмыс таба алмайды.

Мақсатты анықтай алмау

Қаржылық тәуелсіздік немесе байлық дегеніміз не? Бұл сұраққа әркімнің өз жауабы бар. Оған жауап бере отырып, алға итермелейтін өз идеалыңызды табасыз және ол сіздің қаржылық тәуелсіздігіңізге деген бірініші қадамыңыз болып табылады. Сіздің өмір сүріп жатқан дәл қазіргі жағдайыңызды емес, өзіңіз қалайтын жағдайды елестетіп көріңіз. Енді сол мақсатыңызға жеткізетін жолдарды, мүмкіндіктерді іздестіріңіз.

Ұмытпаңыз: байлыққа қол жеткізу – өз талаптары бар ойын. Сіз «Не үшін» деп сұрайсыз. Себебі әйелдерге қарағанда еркектер мол табыс табады, өйткені олар үшін мансап пен көп табыс табу құмар ойын тәріздес. Сізге де «қатыссам болды» деп емес, жеңіске жетемін деп іс бастаған жөн.

Ішкі түйсікке сенбеу

Әйелдерде түйсік ерлерге қарағанда жақсы дамыған. Сол себепті түйсігіңізді тыңдап үйреніңіз, ол сізге не істеу керек екендігін жаңылмай айтады. Бұл жерде «жоқ» деп айтып үйренген де абзал. Мысалы, құрбыларыңыз жалақыға дейін қарыз сұрайтын болса «жоқ» деп көріңіз. Бұл айдың соңында өзіңіз алақан жайып қалмас үшін маңызды.

Өзіңіз жайлы ұмыту

Келесі қателік – өзіңіз бен денсаулығыңыз жайлы ұмыту. Есте сақтаңыз: сіз ең басты әрі  маңызды актив болып табыласыз. Сондықтан уақытылы дәрігерге барыңыз, спортзалға жиі барып, демалысқа шығып, өзіңіздің сүйікті ісіңізді табыңыз. Өз өміріңізді сақтандырыңыз және зейнетақыға әр жалақыңыздың бір бөлшегін жинауды әдетке айналдырыңыз.

Өмірден алынған мысал: 45 жасар келіншек, 10 жасар қызы бар. Мемлекеттік жұмыскер, жұмыс тәжірибесі 15 жыл, мансабы қалыпты. Бірте-бірте ол әйел денсаулығының сыр бергенін байқайды. Бірақ ауыр жұмыс жүктелгендіктен дәрігерге баруды кейінге қалдыра береді, ақыры инфаркт алады. Кейін бірнеше айға созылған ем, ұзақ уақыттық аурухана емі, табатыны тиын-тебен. Ал 10 жасар қызы зейнеткер әжесінің қолында. Оларға өмір сүру үшін көліктерін сатып, пәтерлерін аумағы аз пәтерге айырбастауға тура келеді. Егер ол әйел өз өмірін сақтандырып, аздаған қаржы жинап отырғанда, мұның бәрі болдырмауға болатын еді. Бұл әйел адамның ең көп тараған қателіктерінің бірі.

Артық қорыңыз жоқ

Әйел адамның тағы бір қателігі – өзінен басқаның бәрін ойлау. Сіздің қорыңыз ай сайынғы шығыныңыздан 3 есе көп болу керек. Мысалы, сіздің отбасыңыздың жүріп-тұруына кем дегенде айына 50000 кететін болса, сізде 150 000 артық қор болу керек.  Бұл ең аз дегенде. Одан кейін ақшаны үйде емес, банкте сақтаған жөн. Артық қорды үйде жинағысы келген бір келіншекті білемін. Ол үнемі жинаған қорынан ақша алып, күздік пальтоға, туфлиларға жұмсайтын. Ақырында әке-шешесі үйге жөндеу жұмыстарын бастаған кезде көмектесу үшін несие алуына тура келді. Өйткені оның жиған-тергені 10000 теңгеден аспады.

Әр әйел өмірінде қандай жағдай болса да, қиналмайтынына сенімді болуы керек. Балалар өседі, күйеуінен ажырасып кетуі мүмкін. Сондай кезде ешкімнен тәуелді болмауы үшін әр әйелдің өзінің жиғаны болуы керек.

Артық жұмсаудан ада болыңыз

Ақшаны артық жұмсауға асықпаңыз. Басты міндетіңіз – алу керек заттардың тізімін құру.    Әр затты алардан бұрын ол сізге қаншалықты қажеттігіне назар салыңыз. Әр сатып алуға өзіңізге лимит қойыңыз. Сонда артық жұмсаудан қашасыз.

Үнемдеу үшін ақша жұмсайсыз

Көтерме дүкенге келіп, 10 шырын аласыз, оларды ішіп бітіргенше жартысы бұзылып кетеді немесе жалықтырып жібереді. Жеңілдіктерді ақылмен ойластырыңыз. Біздегі көтерме дүкен деген аты ғана болмаса, шындығында бағасында ешқандай жеңілдік жоқ. Жеңілдік дүкендерімен тек шетелде ғана қолданыңыз. Себебі tax free рәсімдеп, алған заттардан 20% үнемдеуге болады екен.

Ақша жинауды бүгіннен бастаңыз!

Егер 40 000 теңгені құрайтын пассивті табыс көзіне қол жеткізгіңіз келсе – банк депозитіне ай сайын 25 000 теңгеден салып, 10 жыл көлемінде жинау керек. Қорытынды: болашағымызды ертерек ойласақ, жасымыз ортайғанда қалтамызға ақша аспаннан жауғандай болады.

Қаржы мәселесімен құрбыларыңызға көмек сұрап барасыз

Бұл әйелдер жіберетін ең басты қателіктердің бірі! Сіз құрбы, туыс, көршілеріңізбен қалай ақша жинау туралы ақылдасасыз. Әркімнің өз жағдайы болады және қаржы мәселесін әркім өз ыңғайына қарай бейімдейді. Көздеген мақсаттарыңызға жету үшін таныстармен емес, қаржы маманымен жолыққаныңыз дұрыс.