Ас мәзірі

Қатыруға болатын 10 өнім

Тоңазытқышта қатырылғанынан гөрі, жаңа дайындалған немесе жаңа піскен балғын өнімдердің пайдасы мол екенін баршамыз білеміз. Десе де, кейде керісінше болатынын да ескеруіміз керек. Көптеген қыз-келіншектер тоңазытқыштың мұздатқышына еттен өзге түрлі көкөністер мен бұршақтарды сақтауға болатынын жақсы біледі, бірақ ол жерге жұмыртқа мен қуырылған картопты да (чипсы) сақтауға болатынын көпшілік естімеген де болар.

Сүт қатқан кезде оның көлемі ұлғаяды. Сондықтан бөтелке шытынап не сынып кетпеуі үшін азайтып, ыдыстарға бөліп құйыңыз.

Шикі жұмыртқа

Құрамында сұйықтық бар шикі жұмыртқа да қатқан кезде көлемі үлкейеді. Сондықтан оны жарып, ыдысқа  құйып сақтаңыз. Мұздатқышқа жұмыртқаны қай күні қойғаныңызды есіңізде ұстаңыз. Шикі жұмыртқаны ол жерде бірнеше айдан бір жылға дейін сақтауға болады.

Жемістер

Мұздатқышта жемістерді бүтіндей сақтауға болады. Ал смузи жасауға сақтаған жемістеріңізді бөліп, ыдысқа салғаныңыз дұрыс. Пайдаланар кезде ол дайын тұрады.

Қатырылған бананды үй балмұздағын жасауға пайдаланыңыз. Ал қатылырған жүзіммен мұздың орнына шарапты суытуыңызға болады. Оның ерекшелігі жүзім мұз сияқты еріп, шарапты сумен араластырмайды.

Соустар

Мұздатқышта сақтаудан бұрын оны да кеңірек ыдысқа құйып алыңыз. Бетімен бет қылып толтырмаңыз. Суықта сұйықтықтың көлемі үлкейетіні есіңізде болсын.

 Піскен ет

Піскен еттің артылып қалғанын герметикалық пластик ыдысқа салып сақтау керек екені есіңізде болсын.

 Көкөністер

Мұздатқышта көкөністерді бүтін де, бөліп те сақтауға болады. Ол үшін пластик ыдысқа немесе герметикалық қалташаға салыңыз. Қатырылған көкөністерді бірден табаға қуырып, не қазанға салып пісіре беруіңізге болады.

Чипсы

Қуырылған картоп (чипсы) ашылған соң тез жұмсарып кетеді. Ал оны мұздатқышта екі айға дейін сақтауға болады. Ал ол жерден алғаннан кейін жібітпей-ақ бірден қолдана беріңіз. Чипсы бұрынғыдан да қытырлақ бола түседі.

 Көк-сөк

Көп жағдайда сатып алған көк-сөкті бір тамақ дайындауға түгелдей қолданбаймыз. Біразы артылып қалып жатады. Ал оны тоңазытқышқа салғанда бір-екі күннен кейін-ақ бұзылып кетеді. Сондықтан көк-сөкті пластик ыдысқа салып, мұздатқышта сақтаған дұрыс. Ол жерде төрт-алты айға дейін балғындығын жоғалтпайды. Сақтар алдында олардың сабағын алып тастауды ұмытпаңыз.

 Торт пен тәтті тоқаштар

Торт немесе тәтті тоқаш жұмсағырақ болуы үшін мұздатқышқа 24 сағатқа салып алыңыз. Оларды қатыру кезінде ылғалдылығы артып, жұмсара түспек.

 Нан өнімдері

Нанды мұздатқышта төрттен алты айға дейін сақтауға болады. Ендеше, кез келген нан өнімдерін де жылы жерде көгеріп кетпеуі үшін мұздатқышқа салыңыз.