Жан әлеміӨзіңді дамыт

Әрбір қазақ әйелі оқуы тиіс қазақша 5 кітап

 Егер қазақша ойланатын болсаңыз, сізге кітапты қазақ тілінде оқу керек. Сонда ақпарат өзге тілді ақпаратқа қарағанда әлдеқайда сіңімді болады. Сондықтан, қазақ әйелдері оқуы тиіс қазақша үздік психологиялық бес кітапты ұсынып отырмыз. 

1.«Бақыттың кілті әйелде», авторы Құралай Қалиева

Өмірден алынған оқиғалар мен тәжірибе арқылы келген кеңестер сіздің кәдеңізге жарайтыны анық. Кітап жас талғамайды. Барлық жастағы қыз-келіншектерге оқуға ұсынылады. Жазыған құнды ақпараттар ойыңызды жағымсыз әсерлерден тазартып, бүгін мен ертеңге сеніммен, өткенге жымиып қараудың құралымен таныстырады.

2.«Құралай. Инстаграм иірімдері», авторы Құралай ханым

Блоггер, мотиватор Құралай ханымның Инстаграмда жазып жүрген ойларын дәл осы кітаптан табасыз.  Отбасы, өзіңді дамытуға, ой тазалығына, жақсылыққа ұмтылуға шақыратын мотивациялық жазбалар сізге пайдалы болары анық.

3.«Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт», авторы Кәмшат Бекжігітова

Әлемнің үздік психологтарының білімімен сусындаған Кәмшат ханымның кітабы – арулар арасында сұранысқа ие кітаптардың бірі.Өзінің ұзақ жыл алған білімін осы кітапқа сыйғызуға тырысқан. Әрбір сөйлемі құнды ақпаратқа толы. Сіздің жан әлеміңізге керек қазына екені даусыз.

4.«Нумерология». авторы Айнұр Асанберді

Нумерология – тиімді қолданған жан үшін пайдасы бар ілім. Бұл ғылым саласын әлем, көрші Ресей мамандары жіліктеп тастаған. Қазақша мәлімет қат. Өз ұғымымыз бен санамызға, салтымызға сай етіп жазған Айнұр ханымның салалық еңбегі – әрбір шаңырақта тұруы тиіс.

 

 

5.«Рухани практика», авторы Жанар Байсемізова

Жанар ханымға тиесілі нәзік әлемнің сыры дәл осы кітапта ашылғандай. Кәсіби журналистің жазған рухани азығы тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Тек теориялық түсінік емес, нағыз нәтиже шығаратын өмірлік жаттығуларды жасайсыз. Кітапты оқып болған соң өзіңізден оң өзгертісті бірден байқайсыз.