News

“Қазақ Аруы – 2019” қатысушыларының аты-жөні белгілі болды

Байқаудың бас ұйымдастырушысы Баян Мақсатқызы қатысушылардың суретін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Биылғы дода жеңімпазының есімі 19 наурыз күні анықталады. Ақтық мәре Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Байқауға 18 үміткер жолдама алған. Олар Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған.  Биылғы бәйгеде өткен жылғылармен салыстырғанда өзгешелік бар. 17 қазақ қызымен қатар  бір орыс ұлтының аруы да бақ сынамақ. 

Іріктеу кезінде бикештердің қазақ тілінде еркін сөйлеуіне, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты жетік меңгергендігіне мән берілген. Сонымен қатар,қыздар өнерден кенде болмауы тиіс.

Арулардың ұзын бұрымы мен бойшаңдығына, тал шыбықтай майысқан мүсініне де ерекше көңіл бөлген.

Нұрлыбекова Гүлназ (Шығыс Қазақстан)

 

Әмірбек Ұлжан (Алматы облысы)

 

Орынбекова Айханым (Қарағанды қаласы)

 

Темерханова Сания (Павлодар облысы)

 

Құсаинова Арайлым (Ақмола облысы) 

 

Көпжасарова Қымбат (Түркістан облысы) 

 

Құспанова Шырайлы (Атырау облысы)

 

Қанат Айкүміс (Қарағанды облысы) 

Тұрсынбекова Сая (Павлодар облысы) 

 

Қалдыбай Шынар (Батыс Қазақстан облысы)

 

Нұртілеуқызы Таңшолпан (Ақтөбе облысы)

 

Нұрғай Айсана (Алматы қаласы)

 

Мұрат Ақбота (Маңғыстау облысы)

 

Бейшен Айдана (Жамбыл облысы)

 

Джумагалиева Алтын (Ақтөбе қаласы)

 

Балмағамбетова Зарина (Астана қаласы)

 

Шапағат Еркеш (Қызылорда облысы)

 

Вайдурова Анна (Астана қаласы)