News

Қазақстандағы Zepter: сенімділік және даму жолы

Бүгінде Zepter-де 3000-нан астам қазақстандық жұмыс істейді. Олар өз бизнесін табысты дамытып, денсаулық пен сұлулықтың жаһандық миссиясын тарататын 100 000 халықаралық қызметкердің қатарына кіретін Zepter International халықаралық мультибрендті компаниясының эксклюзивті өнімін ұсынады.

Zepter 300-ден астам тауарды ұсынады, ал Zepter International деректері бойынша компания құрылған сәттен бастап 80 000 000-нан астам адам оның өнімін пайдаланушылар болды.
Компанияның жергілікті нарыққа енуінің 27 жылдығына арналған ресми қабылдауында Zepter Group бас директоры Диана Цептер былай деді:
«Қазақстанда Zepter сапалы ыдыс-аяқ өндіруші ретінде ғана танымал. Бірақ компанияның ұсынатын тауарлары әлдеқайда көп. Бұл салауатты өмір салтын ұстануға және олардың сапасын арттыруға арналған өнімдер»


Компанияның Қазақстан нарығына қатысты үлкен жоспарлары бар. Zepter International халықаралық директоры Милан ЛУКИЧтің айтуынша, келесі жылы логистикалық орталықтың немесе жаңа қойманың құрылысы басталады.
«Біздің компания өз өнімдері туралы, сондай-ақ, жалпы желілік бизнесте жұмыс істеу туралы дәстүрлі түсініктердің шегінен шығып кетті. Бүгінгі күні Zepter барлығына жақсы таныс үй мен кеңсеге арналған жоғары сапалы ыдыс-аяқ және климаттық бақылау жабдығы ғана емес, бұл денсаулықты сақтауға және өмір сапасын жақсартуға арналған кәсіби жоғары технологиялық желілер. Біз отандастарымызға пайдалы бола алатынымызды және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз. Әсіресе өзіңізге және жақындарыңызға деген қамқорлық әркім үшін бірінші орынға тұрғанда аса маңызды. Біз барлық қазақстандықтарға Zepter-мен бірге ұзақ ғұмыр және табыс тілейміз!