News

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРФЮМЕР ЖАҢА “SATORI” ӘТІРІНІҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

115Қаралымдар

Парфюмерия өнерін бағалайтын жандар үшін тамаша жаңалық. 29 қыркүйекте қазақстандық парфюмер, Rozum парфюмерия брендінің негізін қалаушы Жанна Розум Satori жұпарының тұсаукесерін өткізді. 

Жанна өзінің алғашқы хош иісін кішігірім ортада және жаңалықты ынтамен қарсы алған қоғам қайраткерлерінің арасында ұсынды. Парфюмер ретіндегі соқпақты жолы туралы Жанна былай дейді:

«Менің қызметкер ретіндегі бүкіл жұмыс тәжірибем 25 жылдан асады. Компанияға өте жас және тиісті білімсіз келген мен үлкен холдингтің топ-менеджеріне дейін өстім. Уақыт өте келе стресс, ұйқысыздық және тұрақты жүйке кернеуі толық эмоционалды күйіп кетуге әкелді. Мен энергиямды қайтару жолдарын іздей бастадым. Ароматерапия бойынша оқуымды аяқтаған соң, жаңа мүмкіндіктер мен көкжиектерді табуға және жалғастыруға болатын мүлде басқа жолды көрдім. Ақырында, ұзақ уақыт өткеннен кейін өмірімді жай жұмыс емес, жаңа, қызықты дүниелермен толтырғым келді. Тренингтің нәтижесінде иіс су дүниеге келді. Мен сияқты өз жан дүниесіне үңіліп, бақытты болуды таңдай алатын әйелдің махаббаты, адалдығы және ішкі өзгерістері туралы иіссулар арқылы баяндауға тырыстым».

Көлеңкелі театр қойылымында бізге соншалықты эстетикалық түрде көрсетілген мұндай оқиға Жаннаның сезімін түсінген әрбір әйелің жүрегіне таныс болды. Парфюмерия студиясының есігі енді барлығына ашық. Rozum парфюмериясы ароматерапия сеансына және шеберлік сабақтарына шақырады, сонымен қатар жеке немесе ресурстық хош иістерді жасау бойынша эксклюзивті қызметтерді ұсынады.