Cән мен сұлулықМакияж

Кеңестердің керексізі де болады

Ғаламтордың белседілігіне байланысты әлеуметтік желілерден түрлі кеңестерді кезіктіруге болады. Егер ылғалдандыратын бетмай таусыла қалса, бетті одан ары қарай қалай күтуге болады немесе кез келген косметиканың пайдалану мерзімін ұзартудың жолдары қандай деген кеңестерді іздесеңіз, жауапты оп-оңай тауып алған болар едіңіз. Бірақ ақиқатында сол кеңестердің шынымен де кәдеге асары бар ма? Мәселен біз көптеген кеңестердің өмірде кәдеге аспай қалатынына көз жеткіздік.

Кеңес: Тушті көз жиегіне жағатын сүрменің (подводка) орнына пайдалануға болады.

Анығында: Өмірінде тушь пен көз жиегін сызып көрген адам бар ма екен? Бір қызығы әйелдерге арналған ақпарат тетіктерінің барлығында мынандай сарындағы кеңес беріледі: «Сұйық сүрмеңіз бітіп қалды ма? Бұл қобалжитын мәселе емес. Жіңішке қылсапты тущтың құтысына мал да әдеттегідей сызып шық». Енді шындыққа тура қарайықшы: ол әрекеттен түк те шықпайды. Себебі тушь пен көз жегін сызуға арналған сұйықтықтың құрамы мен формуласы мүлдем бір-біріне ұқсамайды. Егер шынымен тушпен жіңішке сызық сыза алсаңыз, онда өзіңіздің талантыңызға тәнті болғайсыз!

КЕҢЕС: Егер тушь құрғап кетсе, газдалған су қосыңыз.

Анығында: Алғашында суды құярсыз. Ішіндегі косметика жібитін шығар. Бірақ ертең оның ішіндегі су қосылған туштың қайта қатып қалғанына көз жеткізесіз. Себебі оның құрамы баяғыда бұзылып кеткен. Кірпігіңіздің әдемі емес, керісінше тартымсыз болғанын көргіңіз келсе, осы кеңеске құлақ асыңыз. Ал біз өз тарапымыздан жаңадан тушь сатып алыңыз дегіміз келеді.

Кеңес: Безеуді тіс пастасының көмегімен қысып көр.

Анығында: Безеу шықты ма, тіс пастасын жағып қой! Бұл кеңесті ел аузынан да естіп көрген боларсыз. Безеу майлы жерге шығатын болғандықтан тіс пастасымен құрғатқысы келген адамның ойлап тапқаны шығар. Бірақ сіз теріге шыққан безеуді асқындырып, қызыл дақты ұлғайтып алуыңыз мүмікін екендігін ойлап көрдіңіз бе?

Кеңес: Қабаққа жағуға арналған сұйық сүрмелерді (тень) ерін далабының орнына пайдалануға болады.

Анығында: Сүрмелер далап секілді ерінде ұзақ сақталмайды. Бұл бергі жағы ғана. Егер ерніңізді құрғатып жібергіңіз келсе, жоғарыдағы кеңеске құлақ асыңыз.

Кеңес: Опаны макияж негізі ретінде пайдалансаңыз, косметика ұзақ сақталады.

Анығында: Бұл бұрыннан келе жатқан аңыз. Ал біздің дамыған дәуірде косметиканың бетте ұзақ сақталуы үшін праймер пайдаланылады. Ал ерін мен қабаққа опа жағу арқылы сіз теріңізді құрғатып аласыз.

Кеңес: Құрғақ шаш жуғыштың орынна жүгері ұнын пайдалан!

Анығында: Бұл лайфхакты америкалық сұлулық порталдарынан кезіктіруге болады. Басыңызды жуып үлгермесеңіз, бірақ қолыңызда сусабын да, құрғақ шампунь да болмаса, жүгері ұнын пайдалануға болады-мыс. Біріншіден шашыңызды тарау қиынға соғады, екіншіден, сіз басыңызды майда жәндіктер қоректенетін ортаға айналдырдыңыз. Ал, үшіншіден сіз басыңызды бұрынғысынан да бетер ластап тастадыңыз.

Кеңес: Кең тараған кеңестің бірі- көз астындағы ісікті пакеттегі көк шаймен басып кетіруге болады. Анығында: Сенесіз бе, көк шайдың зияны жоқ. Оның құрамында расымен де антиоксидант бар. Алайда көк шай көз астындағы ісікті кетіре алмайды.