LookСән

Киімнің көмегімен сәнді әрі арық көрінудің жолын білесіз бе?

Дұрыс таңдалған киім кез келген адамның кемшілігін жасырып, артықшылықтарын көрсетіп тұра алады. Киімді ұтымды үйлестіре алу үшін біріншіден өз мүсініңізге назар аударыңыз.

Сыралғы құрбыңыз мінсіз көрінуге көмектесетін образдағы 4 ұтымды элементті ұсынады.

Монохром

Бір реңкті киімдерді үйлестіре кию – адамды арық етіп көрсете алады. Алайда образды қызықты етіп, түрлендіру үшін ашық түсті киімдерге көбірек назар аударыңыз. Сонымен қатар, аксессуарлар жайлы да ұмытпаған жөн.

Биік шалбар

Егер салмағыңызды жасырып қалғыңыз келсе, биік шалбарға көз салыңыз. Алайда, шалбардың ұзын әрі аяқ киіміңізді жауып тұруы керек екенін ескеріңіз. Осылайша, сіздің бойыңыз ұзын болып көрінеді.

Кең көйлектер

Мұндай көйлектер кез келген аруға сай келеді. Ол қыз-келіншектердің кемшілігін жасыруға қауқарлы.

Клеш шалбар

Клеш шалбар бірнеше жылдан бері сәннен қалар емес. Клеш қыз-келіншектерді бойшаң етіп көрсетеді, сондай-ақ, артық салмақты жасырып, образды одан әрі нәрік ете түседі. Айта кету керек, мұндай шалбарды биік өкшелі аяқ киіммен киген жөн.