Ақ босағаОтбасы

Жөндеу жұмыстарында есте сақтау қажет 5 кеңес.

Екатерина «IdeaStream» дизайн студиясының негізін қалаушысы. Мамандығы сәулетші. Бұл салада жүргеніне 15 жылдың жүзі болған. Шығармашылық от- басында дүниеге кел- ген Екатерина өзінің мақсатын о бастан тү- сінген. Ата-анасының тәжірибесіне сүйене отырып, ол өмірін қан- дай мамандыққа арнай- тынын нақты білді. ҚазБСҚА академиясын тәмамдап, сәулетші мамандығы бойын- ша құнды көпжылдық тәжірибеге ие бол- ған Екатерина қазір- гі уақытта интерьер саласындағы табысты компанияның иесі. Сондай-ақ, ол бизнесті дамытумен айналысып, дизайн және өнер сала- сындағы халықаралық байқауларға қатысқан.

Интерьер дизайн саласындағы маманнан кеңестер легін ұсынамыз.

Қазіргі кезде эко-бағыт үлкен сұранысқа ие. Оның негізінде заманауи бағыттағы кеңістікті безендіру принциптері қамтылған. Стильдің басты ерекшелігі – ағаш, қамыс, табиғи тас секілді материалдарды пайдалану. Мұндай интерьерлер гүлдер, фито-қабырғалар мен ағаштармен толықтырылған. Соңғы  жылдары қарқын алған осы стильдің кең тараған түрінің бірі – скандинавиялық стиль. Ол бос кеңістікті және табиғатпен үндескенді жақсы көретіндер үшін жақсы. Маған көбінесе неоклассика стиліне тапсырыс беріп жатады. Көптеген жаңалықтарды, кеңістікті ұйымдастырудың және жаңа материалдарды қолданудың заманауи тенденцияларын бойына сіңірген бағыт. Уақыт өте келе стиль жетілдіріліп отырылады.

Клиентпен қарым-қатынас орнату маңызды.  Ең әуелі к лиентпен қарым-қатынас орнатып алу қажет. Тапсырыс берушілермен әрдайым жақсы қарым-қатынастамын. Әңгімелесу кезінде клиенттің ішкі әлемін сезініп, оның белгілі бір жағдайға деген көзқарасын түсіну қажет. Әрине, мұндай жақын, достық ынтымақтастық ең жарқын эмоциялар тудырады және жағымды естеліктер қалдырады.

 

ЕКАТЕРИНА БУДОВСКИХ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН 5 КЕҢЕС ҰСЫНАДЫ.
1 Аумақтарды бөлген дұрыс. Кеңістік сырттай қажетті аймақтарға бөлінсе бөлме біртұтас және жайлы болып көрінеді.
2 Түстер үйлесімділігі. Кеңістіктібір-біріне сәйкес келмейтін әртүрлі ашық түстермен толтырудың қажеті жоқ. Бөлмені безендіруде қандай түстерді қолданатыныңызды алдын ала ойластырған жөн.
3 Қабырғаны бір түске бояу. Жөндеудің жұмыстарының бұл түрі қалтаны қақпайды. Ақ немесе сұр реңкте боялған қабырғаларды тұсқағаздармен, гипспен, таспен немесе басқа материалдармен түрлендірудің қажеті жоқ.Сондай-ақ, бөлмені жарқын немесе түрлі-түсті етіп безендірудің қажеті жоқ. Интерьердегі декорға екпін жасау үшін суреттерді іліп, бөлмені көгалдандырсаңыз, жеткілікті. Уақыт өте келе, қаласаңыз, бөлмедегі заттарды басқа түске алмастыра аласыз, бұл кеңістіктің көрінісін жаңартады.
4 Классикалық және неоклассикалық стильді ұнататындарға арналған кеңес. Классикалық стильдер белгілі бір салтанатқа ие. Мұнда әсемдеудің молдинг, гипс сылақ секілді әртүрлі элементтерін қолдану қажет. Қабырғалардыбезендіруде көлемді панельдер мен гүл, көбелек, құс, қауырсын секілді заттар сай келеді. Мұндай әдістер кеңістікке нәзіктік пен талғампаздық сыйлайды.
5 Жуынатын бөлмені жоспарлау. Жуынатын бөлме – бұл өмір сүру кеңістігіндегі ең күрделі орындардың
бірі. Шағын ауданда сізге бірнеше қажетті элементтерді орналастыру қажет. Элементтерге қол жеткізуде қиындықтар туындамауы үшін мұны дұрыс жасау өте маңызды. Ол үшін канализация, сумен жабдықтау және басқа жүйелердің шығатын жерлері алдын-ала ойластырылады. Арақабырғаларды дұрыс орналастыру үшін сантехниканың өлшемдерін білу керек. Сондықтан оны жөндеу жұмыстары басталғанға дейін сатып алған дұрыс болады.