Жан әлеміӨзіңді дамыт

Көмек сұрау – ұят емес

Егер көмек сұрап үйренбесеңіз, сіздің жаныңыздың не қалайтынын Құдай да білмес. Ғаламның заңдылығы бойынша, әр адам өз тағдырын таңдауға қақылы. Құдай да, періште де рұқсатсыз өміріңізге араласпайды. Бөтен адам да сіз қаламайынша бас сұқбас. Сізге таңдау еркі берілген. Әрқашан өз қалағаныңызды жасай аласыз. Көмек керек пе, жоқ па, қанша көмек керектігін де өзіңіз шешесіз: қажет кезінде Құдайдан да, адамнан да жәрдем сұраудың реті келіп тұрса, сұрағанның әбестігі жоқ дегенді білдіреді.

Хақ Тағаланың көмегі

Кей адам жан-жағынан жәрдем сұрауға ұялады. «Көмек көрсетуге лайық па едім?» деген ой маза бермейді. «Мен тура жолдағы адаммын ба, төрт құбылам түгел ме?» деген кедергі бар. Айналаңызға бір қараңызшы, тура жолда жүрген қанша адамды білесіз? Күлкілі, иә?! Қандай жолда жүрсе де кісінің күні кісімен. Адам болып туған соң, біреуге көмектеспей тұра алмаймыз. Көбімізге Хақ Тағала көмектеседі. Себебі, күнделікті одан тілейтініміз, сұрайтынымыз көп. Мәселе тек төрт құбыланы түгендеуде ғана болса, ешкім еш жерден ешқашан жәрдем алмас еді. Көмектесу – марапат емес, ол не нәрсенің де салдары: сұрасаң – береді, «жыламаған балаға омырау жоқ».

Қалай сұрағанның еш мәні жоқ

Кей жағдайда ауыр жұмыстың өзі сұрағанның нәтижесі болып шығады. Қалауымызға қажетінше еңбек сіңіруге дайын екенімізді осылай көрсетеміз. Әр адам көмекті дұғамен, медитация, аффирмация, визуализация, музыка, өлеңмен, яки, кез келген басқа шығармашылықпен немесе жай ғана Құдайдан тілеу арқылы сұрай алады. Мұның барлығын сіз жан тыныштығын табу және еркін өмір сүру үшін жасайсыз. Ал, Көкте сіздің нендей мұқтаждығыңыз барын онсыз да біледі. Сезіміңізді жасырған сайын оның күш-қуатын тежеп тастайсыз. Буы шығып кеткендей болады. Көбіне Құдайдан тілеу тілеген кезде мазалайтын сезіміңізді шынайы жеткізесіз. Сол сәтте басыңыздан өтіп жатқан ахуалдың себебін түсініп қалуыңыз ықтимал. Сонда оны қалай шешетініңізді біле қоясыз.

Көмекті қаншалықты жиі сұрауға болады?

Бір өтінішті бір рет сұрау жеткілікті. Ол ерік-жігер заңдылығын әрекетке айналдырады. Әрине, бір нәрсені бірнеше рет сұрағанда тұрған дәнеңе жоқ. Көңіліңіз қанағаттанғанша сұраңыз. Тек қайталап сұраудың еш қажеті жоқ. Алайда оның бір ғана «бірағы» бар. Өте қиын «бірақ». Ол сенім. Сұраған нәрсеңізге сіз күмәнсіз сенуіңіз керек.

Оптимизм – пайдалы қуат

Ол сізге бақ пен дәулетті тартады. Сенім мен оптимизм жоқ жерде сіздің сұрағаныңызға жауап болғанын байқамай қалуыңыз әбден мүмкін. Сенім өз-өзіңізге қалағаныңызды алуға кедергі жасамау үшін керек. Өтініш пен күдік – автокөліктің екі басқышы сияқты: газ бен тежегіш. Егер газды басудың орнына адам қайта-қайта тежегішті баса берсе, алысқа кетпейтіні анық. Сенім бар жерде Хақтың сыбырлағанын ести қоясыз (ой, идея, түйсік, кесе-көлденең себептер). Айналаңыздағы мүмкіндіктерді байқайсыз. Қай сәтте қай бағытқа қарай қанша қадам жасау керектігін түсіне бастайсыз. Көктің жіберген әр белгісі мен себептерін айқын көресіз. Мысалы, сіз өтініш айттыңыз. Дұға қылдыңыз делік. Сол сәттен бастап миыңызға бір ғана ой келе береді. Елес, аян болады. Сіз нақты қадам жасасын деген белгілер байқалады. Мәселен:

  • – белгілі бір адамға не ұйымға қоңырау шалу;
  • – ас мәзірін реттеу, дене шынықтыруды бастау;
  • – нақты бір мақаланы не кітапты оқу;
  • – ұнап жүрген бір топқа қосылу;
  • – оқуға түсу;
  • – бір нәрсе жазу;
  • – саяхатқа шығу;
  • – басқа қалаға көшіп кету; т.б.
wachstum

Ғаламның ескертпесі үнемі бір әрекетке итермелейді. Оны дәл қазір жасау керек. Сонда келешек өміріңізді жақсартасыз. Бұл қадам бүкіл өміріңізді суреттеп бере алмайды. Бірақ бәрі осы қадамнан басталғанын кейін білесіз. Сіздің дұғаңыздың жауабы осы қадам болғанын түсінесіз. Сіздің қолыңыздан келетіні сол нақты қадамды жасау ғана болады.

Адамдардан сұраңыз

Тек Хақ тағаладан ғана емес, адамдардан да сұрап үйреніңіз. Себебі, егер сіз сұрауды, не көмек көрсетуді үйренбесеңіз, бай-дәулетті өмір сүруге өзіңіз кедергі келтіресіз. Көмектесу мен көмек сұрау – өте маңызды әрі қасиетті іс делінеді. Тыныс алу кезінде дем алу мен дем шығару – екеуінің де маңызы бар. Ауа өкпеге енеді, шығады. Сол секілді бай-дәулетті өмірге қол жеткізбегендердің басты кедергісі – көмектен бас тарту.

Өзгенің «көмектесейін» дегеніне не дейтініңізді еске түсіріңізші? Оңайлықпен қабылдайсыз ба, әлде сыпайы түрде бас тартасыз ба? Сол сәтте не сезінесіз? Өтініш айтып, өзгені алаңдатамын деп ойлайсыз ба, өзгенің қол ұшын созғанынан ұяласыз ба, әлде көмек көрсетілгеннен мүлде қорқасыз ба? Бұл арасы маңызды емес. Сіз өтініш айтып, оның жауабын күтетін болсаңыз, онда көмек алуды үйреніңіз. Әйтпесе, дұғаңызға берілген жауапты «жоқ» деуіңізбен жойып жібересіз. «Мен көмекке және ғаламның барлық бақ-дәулетін қабылдауға лайықпын» деп сезініңіз. Өзіңізді бақ-дәулетке лайық көрмейінше, келетін жолын жауып тастай беретін боласыз. Көмек сұраған барлық өтініш пен дұғаның жауабын кері ысырып, қабылдауға дайын болмай шығасыз. Сол көмекке өзіңізді лайықсыз сезініп тұрасыз.

Ведалар. Аударған Шынар Әбілдә