Екеудің құпиясыЖан әлемі

Көңілдес көршілер

Отбасылық өмірдің қызығы мен қиындығына толы алғашқы 2 жылы өте шықты. Күйеуім екеуміз бір-бірімізді жақсы танып, бұрыннан да жақын боп бара жатқандай едік. Бәрі жаңа қонысқа көшуден басталды.

3.66K (1000)Қаралымдар

Ата-енемізден бөлек шығып, Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінен 517 нөмірлі пәтерге үш апта бұрын көшкенбіз. Біз көшіп келген күні қарсы пәтерге де жас отбасы қоныс аударып, заттарын жиыстырып жатыр екен. Әйелі жұмыртқадай аппақ, сұлу десе сұлу, күйеуі де сымбатына сұңғақ бойы келіскен сырбаз еді. Үйленгендеріне 1 жыл енді толатын көрінеді. Бір-бірімізді сыйлап, жаңа көршілер ретінде ет асып, қонақ еттік. Көшіп келгенге 1 ай болғанда күйеуім жұмысы бойынша іссапарға Астанаға жол тартты. Маған күн сайын хабарласатын ол есіне түскенде бір хәл сұрап, қолы тимей жүргенін айтады. Ойымды күнәға бұрмай, күйеуім жайлы жаман ойламайын деп шештім. Күндер өтуде.

Бір күні жұмыстан келе жатсам, есік алдында жиналып қалған көршінің газеттерін көрдім. Апарып бермек едім, есікті күйеуі ашты. Сондай сабырлы, жұмбақ жан. Әйелі іссапарға кеткен екен. Арада тағы да бір ай өтті. Көршім кофе ішуге шақырған соң, кітап сататын дүкеннің жанындағы кофеханаға тарттық. Кітап бойынша талғамымыз бір екен.

Кенет ол: Мойныңыздағы алқаны күйеуіңіз сыйлады ма? Қайдан алған екен? – деді. Күйеуім тапсырыспен Миланнан алдырғанын айттым. Қайтарда оның
киімінен таныс әтірдің иісін сездім. Әтірді әйеліңіз сыйлады ма? Иісі жақсы
екен…Ол да әйелінің әтірді Парижден алдырғанын айтты. Сол сәтте екеуміз бәрін түсіндік. Себебі, оның әтірі менің күйеуімде де бар еді. Ал маған сыйланған алқа оның әйелінде де бар. Қанша ойыммен қимасам да, күйеуімді қалай ақтарымды білмедім. Арада тағы да уақыт өтіп жатты. Оның әйелі, менің күйеуім қайтар емес. Ал біз екеуміз күн сайын кино көріп, бірге тамақтанып, кітаптар жайлы,
мазалаған ойларымыз жайлы бәрін айтатын болдық. Тек олар сияқты төсекте
қосылмадық.

Бірақ жанды қинайтыны — олардың тәнмен,ал екеуміздің жанмен көзге шөп
салғандығымыз…