ДенсаулықСаулық үшін

Коронавирусты кім жұқтыра алмайды?

457Қаралымдар

Иммунолог Николай Крючков коронавирустың үш жағдайда адамға жұқпайтынын айтты. Егер:

  1. Адамның иммунитеті табиғатынан күшті болса;
  2. Оның иммундық реакциясы мықты болса;
  3. Ағза тромбозға бейім болмаса коронавирусты жұқтырмайды.

Сарапшы бірінші жағдайда адамда коронавирус белгілері болмайды, бірақ оған қарсы иммунитеттің де дамымайтынын айтып, түсіндірді. Екінші жағдайда науқастың денесінде антиденелер немесе иммундық T жады жасушалары болады.

Дәрігер атап өткендей, күшті иммундық реакция адам вирустық аурумен ауырғаннан кейін пайда болады.

«Бұл, әдетте, маусымдық коронавируспен ауыратын адамдарда болуы мүмкін. Олардың ағзасында  күшті антиденелер немесе иммундық T жад жасушалары қалуы мүмкін”, – дейді маман. 

Адам коронавирус жұқтырса да, оның иммундық реакциясы әдеттегідей жұмыс істегенде жоғарыда аталған үшінші жағдай орын алуы мүмкін.

«Үшінші жағдайды біреу байқамауы да сезбей қалуы да мүмкін. Мысалы, адам бір-екі күн жөтеліп қана қоюы мүмкін”, – дейді ол.