TrendСән

Корсет: Ескі стильдің романтикалық көрсеткіші

Ерекше стильден шабыт алатын сәнгерлер корсет трендін түрлі үлгіде жарыққа шығарып жүргені рас. Аталмыш трендтің танымал үлгілеріне белдіксіз кеудетартпа, ұзын жейделі немесе ішкөйлек үлгісіндегі корсеттер жатады.

Көненің көзі болған корсет

Корсет – патриархалдық қысымның символынан әйелдік нәзіктік пен мүмкіндіктердің нышанына айналғандығын осыдан көреміз.
Соңғы кездері корсет сән сахнасынан тіптен түсер емес! Нағыз трендке айналғандығының айқын дәлелі – ішкі киім ретінде қарастырылатын кеудетартпаның бүгінгі күні сыртқы киім үлгісінде жарық көруі. Яғни, өз ісінің хас шеберлері ішкі киім элементтерін күнделікті киімге біріктіру арқылы тың стильді тудырған.

Сән әлеміне оралу

Netflix-тің «Бриджертон» атты сериалындағы қызықты оқиғалар мен таңғажайып костюмдер дизайнына тәнті болғанымыз рас. Көптеген қыз-келіншектерді «Корсеттер сәнге қайта оралды ма?» деген сұрақ мазалады.
Кеудетартпаның шығу тарихы 1500 жылдардан басталады. Бастапқыда бұл киім түрі әйел денесін табиғи түрде қол жетпейтін силуэттерге айналдыруға арналған еді. Кейбір тарихшылар оны әйел мүсінінің символы деп санаса, басқалары корсетті салмақ тастауға арналған ауыр маталы ішкі киім деп есептейді.

Еркіндікке ұмтылу

Кеудетартпа сән әлемінен кеткен емес, тек заман ағымына сай дизайнерлер оларды қайта жаңғырту үстінде.

Корсеттің сән әлеміндегі ең үлкен жаңалығы 1970 жылы британдық дизайнер Вивьен Вествудтің кеудетартпаларды панк-эстетикалық және әйел құқығы мен мүмкіндіктерінің негізі ретінде пайдаланып, оларды іш киім ретінде емес, сырт киім ретінде қолданысқа енгізуі еді. Соңғы жылдары британдық сәнгердің корсеттері екінші қолды сатып алушылар арасында сұранысқа ие әрі көне зат түріне айналды.

Бұл трендті жаңғыртқан жандардың бірі – француздық шебер Тьерри Муглер. Ол сән сахнасына шыққан ең көрнекті корсеттердің авторы әрі әйел құқықтары мен мүмкіндіктерінің көрсеткіші болып табылады.

Брендтер трендте

Бүгінгі таңда аталмыш трендті Prada және Balenciaga сынды брендтер соңғы 2022 жылғы топтамаларына енгізген болатын. Десе де сұраныстағы корсеттерді әлеуметтік желілерде танымал еткен шағын брендтерге жатқызу дұрыс болмақ.
Британдық лейбл Шарлотта Ноулз Vogue журналына берген сұхбатында «милитаризацияланған корсет» көмегімен сәнгерлердің «әйел затының әлемдегі өз орны үшін күресуде» деген ойды алға тартатындығын атап өткен.

Корсетке болжам

Сән әлеміне бір сәт көз жүгіртсек, шеберлердің корсет трендін барлық жағынан жаулап алғандығының куәсі боламыз. Олар әртүрлі стильде жарық көрді. Мәселен, белдіксіз, ұзын жеңді немесе жеңді-майкалы нұсқалары. Сонымен қатар кеудетартпалардағы бау сәнгерлер киімге қосатын қарапайым бөлшек болып табылады.
Әлемдік брендтер Кристен Маллисон атап өткендей, классикалық toile de jouis-ден жүн және қайта өңделген қаптауышқа дейін алуан түрлі маталар мен баспалардан корсет жасайды.

Ал бүгін сәнгерлерге атлас материалына назар аударуға кеңес бермекпіз, себебі сән мамандары маталы корсеттерді 2022 жылдың көктемінде былтырғымен салыстырғанда 20%-ға артады деп болжап отыр.

Романтикалық нәтиже

Кеудетартпаның осы уақытқа дейін Регенттік дәуірдегі романтикаға толы киім үлгісі ретінде сәнге еніп, таңқалдырғаны рас. Сәнгерлер өрнекті, бөлшекті, дизайндық стилі мен үлгісі бөлек кеудетартпалардың сан алуан түрімен үрдісті одан сайын жаңғыртқаны сөзсіз.

Өзінің қайшылықты тарихына қарамастан, корсеттің заманауи үлгілері әйел заты үшін нағыз күшке айналды.