Cән мен сұлулықБет күтімі

Қош бол, жасандылық!

Мәңгілік ештеңе жоқ.  Бір кезде кең тараған тренд те  уақыты өткенде өледі. Әлем табиғи сұлулыққа бет бұрды. Енді биыл бас тартатын косметика құралдарын тізіп шығайық.

Ерсі де қалың боялған қас былтырғы жылмен бірге сәннен шығады. Оның орнына табиғи, жинақы қалып қайта оралмақ.

Әсемдік әлемінде жұмсақ, тегіс далаптар біраз уақыт дәрежесін сақтады. Мұндай далаптар жасанды, кәрі етіп көрсетеді. Жыл соңынан бастап сәнге сәтен және атлас құрамдас ерін бояулары трендке айналмақ.

Тым тығыз бұйраланған бұрым биылғы көктемде сәннен ығысқан. Енді табиғи шырай сыйлайтын толқынды шаштар маусымы туды.

Бетті әрлеу кезіндегі контуринг, стробинг, бейкинг, хроминг тәсілдерін қолдану сирейді. Әрине, орынбасушысы бар. Ол – табиғи реңктер.

Өрескел: қызыл, жасыл, сары, күлгін шаш түстері де подиуммен қоштаспақ. Есесіне сахнаны шынайы бұрымды қыздар жаулайды.Қиын да күрделі, биік шаш үлгілері, төбеге түйілген, байланған бұрымдар да жылыстай бастады. Желкеге жинау сәнге енбек.