Cән мен сұлулықМакияж

Косметиканы дұрыс қолданып жүрсіз бе?

1. Ылғалды тері – мінсіз make up

Жеңіл ылғалдандырғыш бетмай – макияжға арналған негіздің орнын басады. Боянар алдында бетті опаламаңыз, қайта ылғалдандырыңыз. Бетмай 1-2 минут ішінде сіңеді. Одан кейін құрғақ сулықпен сүртіп тастап, іске кірісіңіз. Косметиканың ылғал теріде жақсы көрінетіні белгілі.

2. Ерін бальзамын ұмыту

Макияжды ерінге бальзам жағудан бастағаныңыз жөн. Бетіңізді, көзіңізді бояп жатқанда бальзам ерінге сіңіп, оны жұмсартып үлгереді. Сондан кейін далап мінсіз жағылатын болады.

3. Әр беретін бетмай маска емес

Тональды кремді бетке түгел жақпаңыз. Бұл ешқашан табиғи көрінбейді. Сылап-сипауды тоқтатып, жеңіл әр беретін бетмайды Т-аймаққа жағыңыз. Яғни маңдайға, мұрынға, көздің төменгі жағын бояу жеткілікті.

4. Консилер – ғылым

Иә, консилерді қолданудың өзі толықтай бір ғылым іспетті. Абзалы – алдымен қалай пайдалану керектігін үйреніп алу. Біріншіден, ол әжімдердің арасында тұрып қалмасын.  Саусақтың ұшымен жіңішке етіп жағыңыз және жарты минуттай сіңуге мұрша беріңіз. Сулықпен құрғатып, артықтарынан арылыңыз. Сонда консилердің бар-жоғы білінбейді. Екіншіден, кеңсірікке жағуды ұмытпаңыз. Тек көз асты ғана көкшілденіп тұрмайды. Сондықтан мұрын мен көз арасын да естен шығармаған дұрыс.

5. Өңліктің де өз орны бар

Үгілмелі өңлік (румяна) беттің алмасын айқындауға ғана жарайды. Оның көмегімен жақ сүйекті шығаруға талпынудың қажеті жоқ. Бетті түгел жапқан алқызыл реңк жүзіңізге сұлулық бермесі анық. Жақты көрінгіңіз келсе, арнайы қоңыр түсті қалам сатып алғаныңыз жөн.

6. Негізгі бояуды ұмытпаңыз

Көз бояуына арналған негіз – күні бойы жанарыңыздың әдемілігін сақтап тұратын ғажайып құрал. Тіпті, бояуыңыздың бағасы арзан болса да, негіздің арқасында 10-12 сағатқа дейін мызғымайды.

7. Ерін – магнит

Ерінге арналған қарындаштың майлылығы – далаптың жайылып кетпеуіне әсер етеді. Өз табиғи түсіңізге сай, бірақ одан сәл ақшылдау қарындаш сатып алыңыз. Оны кез келген түсті далапқа негіз ретінде жаға бересіз. Сағат сайын өшіп қалмайтын не ағып кетпейтін мінсіз боялған, тартымды ерінге осылайша қол жеткізесіз.

8. Опаға бағынышты болмаңыз

Опа – орны айрықша, сонымен қоса қолдануы қиын өнім. Оны да әр беретін бетмай сияқты түгел бетке жағудың қажеті жоқ. Т-аймаққа жаққан жөн. Беттің ұшына жағып алсаңыз, бетіңізде үлпілдек тұрғандай әсер қалдырады. Әсіресе, бұл күндіз анық байқалады.

9. «Қатерлі» бояу

Ашық түсті көз бояуы – қауіпті зат. Онымен бірге қара түсті қарандаш пен сүрмені пайдаланбасаңыз, көзіңізді кішірейтіп көрсетеді.

10. Сайқымазақтың қасы

Қанық түсті, жалпақ қастар сәнде екені аян. Дегенмен кей арулар шектен шығып кетеді. Қасты қара түспен бояумау керек. Сырт сөзге ыңғайсыз көрінеді. Арнайы сүрме не қоңыр түсті көз бояуын жағып қойыңыз. Сонда қасыңыз барқыттай үлбіреп, табиғилығын сақтайды.