ОтбасыОтбасы бюджеті

Күйеуім барлығымызға ортақ!

200Қаралымдар

Бір жыл бұрын сүйіктіме тұрмысқа шықтым. Қазір енеммен бірге тұрамыз. Ерлан отбасындағы жалғыз ұл. Артынан ерген қарындасы бар. Сүйітім үш жыл бұрын жазатайым оқиғадан кейін әкесінен айырылды. Бүгінде әке орнына әке болып отырғандай. Анасы мен қарындасы күйеуімнен ақша сұрай береді. Мен оған тұрмысқа шыққалы бері менің емес, солардың жайын ойлап келеді. Басымыздағы несиелерден бөлек, анасының да қарыздарын төлеп жүр. Анасы жұмыс істейді, жалақы алады. Алайда оны балаларына жұмсамайды, қарыздарын төлемейді. Азық-түлік, пәтер ақысы, коммуналды қызметтер, тіпті, енем мен қайын сіңлімнің күнделікті жүріп-тұруы – барлығы күйеуімнің мойнында.

Қарындасының киім-кешегін де күйеуім алып беруі керек екен. Мен енеме қатты ренжідім. Баласына жаны ашымайтын ол қандай ана? Өзіміздің қарыздарымыз бар екенін жақсы біледі, Дегенмен “ештеңе білмеймін, ақша бересің” деп отырады.

Өзім жақында босанғалы отырмын. Жүктілігім ауыр өтіп, жұмысымнан уақытынан бұрын шығып кеттім. Осы уақытқа дейін басқа аяғы ауыр әйелдер сияқты еркелеп, жеріктігімді де баса алмадым. Жегім келген нәрсемді алып бермеді. Күйеуімді аяғаннан “жарайды, онша жегім келмейді” деп айта салатынмын. Алайда дәл қазір баланың киімін, төсегін, тіпті, перзентханаға апаратын сөмкені алатын ақшамыз жоқ. Не істеймін? Басым әбден қатты.

Күйеуіме анаңа ақша берме деп айта алмаймын. Өзімнің жаман атты болатынымды білемін. Бірақ бұлай жалғаса берсе не болмақ? Бала туғаннан кейін шығындарымыздың өсетіні анық. Оларды қалай жабамыз? Сіздерден кеңес сұраймын…