Екеудің құпиясыЖан әлемі

Күйеуіммен төсекте қосылғым келмейді…

2.6K (1000)Қаралымдар

Осыдан екі жыл бұрын тұрмыс құрғанмын. Алайда небәрі жарты жыл бұрын алғашқы түсіктен кейін қайта жүкті екенімді білдім. Күйеуім екеуіміздің қуанышымызда шек болмады! Екінші жүктілігім ауыр өтті. Түсік тастау қаупімен ауруханаға үш рет түскен едім. Сол себепті біраз үй шаруасынан бас тартып, жұмыстағы уақытымды қысқартуыма тура келді. Уақыт өте келе барлығы өз қалпына түскендей болды. Дейтұрғанмен, жүкті екенімді біле салған сәттен бастап күйеуіме деген құштарлығым жойылды. Онымен тіпті, төсекте мүлде қосылғым келмейді. Жұбайым түсіністік танытуға тырысқанымен үнемі іштей ренжіп, көңілі толмай жүреді. Оны соңғы кездері ерекше байқап жүрмін.

Көңілін аулап, қалауын қанағаттандырғым келсе де, көңілім бұрмай тұрады. Босанғаннан кейін де осындай болып қалып қоямын ба деп уайымдаймын. Әйелдік міндетімді орындамасам күйеуім ерте ме кеш пе менен теріс айналып кетуі әбден мүмкін ғой.  Мұндай жағдайда не істеуге болатынын тіпті білмеймін.