ДенсаулықСаулық үшін

Күйзелісті жең! Магний дәруменінің құдыреті

Магний күйзелістік күйге тап болған адамның психоэмоциялық жағдайдан шығуына көмектеседі. Ол жүрек қызметіне жақсы әсер ете отырып, жүрек ақауларын жояды.

Магнероттың артықшылығы – магнийдің орот қышқылымен әрекеттесуі. Бұл байланыс сіңімді әрі жасуша ішінде магнийдің жоғары концентрациясын құрайды. Ол магний жетіспеушілігінен туындайтын тітіркену, әлсіздік, бұлшықет құрысуы және жүрек жұмысындағы ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Артықшылығы

Магний адам ағзасында күнделікті жүретін көптеген процестердің маңызды элементі әрі катализаторы. Ол жасушалық иммунитетті қолдайды және зат алмасу үдерісне қатысады. Аминқышқылдарының, ақуыздардың, гормондардың және ферменттердің қажетті мөлшері магнийсіз өндірілмейді. Магний жетіспеушілігі салдарынан жүректің, қан тамырларының және жүйке жүйесі ауруларының асқыну қаупі артады.

Магнерот күйзелісті жеңеді

Жүйке жүйесі ағзадағы магний деңгейін бақылауда ұстайды.

Магний жетіспеушілігі белгілері:

  • мазасыздық:
  • парестезия;
  • көңіл-күйдің нашарлауы;
  • ұйқысыздық;
  • шаршағыштық;
  • ашуланшақтық;
  • концентрацияның бұзылуы;
  • есте сақтау қабілетінің нашарлауы;
  • құрысу;
  • бас ауруы.

Магнерот күйзелісті жеңуге көмектеседі әрі төзімділікті арттырады, сондай-ақ,  жүйке жүйесіне де оң әсерін тигізеді. Магний мен орот қышқылының әрекеттесуі жүйке кернеуін жеңілдетеді және неврозды жағдайды жақсартуға көмектеседі.

Магнийдің жүрек қызметіне әсері

Жүрек бұлшықет тобынан тұратындықтан, көп ресурстарды жұмсайды әрі магнийді көп мөлшерде қажет етеді. Магний энергия өндіруге қатысады және көптеген ферменттердің құрылымына кіреді. Жүрек бұлшықетіндегі энергия алмасуды реттейді және жасушалардағы оттегінің деңгейін жоғарылатады.

Магний кардиомиоциттердің жұмысына жауап береді әрі жүрек соғысын бақылайтын жасушалардың релаксациялық үдерісі қалыпты болуын қадағалайды.

Ағзадағы магний мөлшерінің бұзылуынан жүрек циклінің кедергілері туындауы мүмкін. Мәселен:

  • жүрек соғу жиілігі жоғарылайды;
  • жүрек ырғағы бұзылады;
  • артық систолалар пайда болады.
  • жүрек бұлшықеті босаңсиды.

Ағзаға қанша магний керек?

Бүгінгі таңда ағзадағы магний жетіспеушілігі жиі кездесетін мәселердің бірі. Магнийдің алиментарлық жетіспеушілігі оның тағамда немесе су құрамында болмауымен байланысты. 350-800 мг бұл дені сау адамға арналған магнийдің күнделікті мөлшері.

Магний жетіспеушілігі туындаса, күніне дене салмағының әр кг үшін 10-30 мг көлемінде қосымша өнімдер арқылы магний мөлшерін толықтыру қажет.

Магний жетіспеушілігін болдырмаудың қарапайым тәсілі дұрыс тамақтану. Бірақ магний деңгейі күйзелісті, алкогольді, физикалық белсенділікті, жүктілікті төмендетеді. Сондықтан құрамында магнийі бар өнімдерден басқа, көмекші препараттар да қолданылады. Қалыпты түзету үшін магнийдің бейорганикалық және органикалық тұздарын таңдаған жөн.

Магнийді қабылдау жолы

Магний түрлі тағамдарда кездеседі. Күнжіт, кешью, жаңғақ, жержаңғақ, бадам, балқарағай жаңғағы, қарақұмық, алма, грейпфрут, лимон, өрік, банан, теңіз қырыққабаты, ащы шоколад, теңіз өнімдері және майлы теңіз балықтарында магний мөлшері көп. Магний ет, көкөніс, жеміс-жидек пен сүт өнімдері құрамында аз.

Витаминді-минералды препараттар ағзадағы магний жетіспеушілігінің жеңіл белгілерінен арылуға көмектеседі: олардың құрамдас бөліктері бір-бірін толықтырады, ағзаға сіңуін және тонусын жақсартады:

  • психоэмоциялық жағдай тұрақтанады;
  • физикалық төзімділік күшейеді;
  • ақыл-ой қабілеті артады;
  • иммунитет жақсарады.

Егер ағзада магний жиі жетіспесе, магнийдің орот қышқылымен тиімді және қауіпсіз комбинациясын қабылдау қажет. Оны басқаларға қарағанда ұзақ уақыт қабылдауға болады. Магнерот магнийдің орот қышқылымен әрекеттесуі, ол тез сіңеді және жасушаішілік магнийдің жоғары концентрациясын тудырады. Бұл денсаулыққа зияны жоқ магний жетіспеушілігі туындаған жағдайда алдын алуға мүмкіндік береді.

Магнерот Қазақстандағы магний оротатының жалғыз препараты.