Жан әлеміТест

Күйеуіңіз сізге адал ма? Тесттен өтіп, біліңіз!

Жүрісі көп еркектер көбіне мұндай қылықтарын белгілі бір сылтаулармен ақтауға тырысады. Бірде оны отбасындағы қиындықтар итерсе, енді бірде жарымен ұрсысып қалып, ашумен барып қойдым деп түсіндіреді. Шын мәнінде зина жасау – адамға байланысты. Оған ешқашан да сыртқы факторлар әсер етпейді. Тест сұрақтарына жауап беріп, жинаған балды санап көріңіз. Нәтижесінде жарыңыздың артық жүріске ынтасын анықтайсыз.

1. Сүйіктіңізден: “Сен менің көзіме шөп сала аласың ба?” деп сұрап көріңіз.

Оның жауабы:

О не дегенің?! Мен?! Ешқашан ! – 0

10% мүмкін – 3

Ол саған байланысты – 1

Осындай сауалдарыңмен менің ашуымды келтіресің – 2

2. Біреу өмірден қайтқанда өзін қалай ұстайды?

Үнсіз және тұйық болып қалады – 3

Ішімдікке тойып алады – 2

Сол адам жайында көп айта береді – 0

Жылап жіберуі мүмкін – 1

3. Қызтекелерге көзқарасы қандай?

Жағымсыз – 0

Олар оны қызықтырмайды – 3

Өзінің толеранттығын ашық білдіреді – 2

Оның қызтеке досы бар және бұл ол үшін қиындық емес – 3

4. Жұмысын оңай ауыстыра ма?

Өте төмен айлық алса да оны қуып шыққанша отыра береді – 1

Нарықты үнемі бақылап отырады, жаңа қызықты жұмыстар іздейді – 0

Алдын ала дайындалып, жұмысынан әрең шығады – 2

Жұмысы аса ұнамаса да әрең кетеді – 3

5. Автокөлігіне жақсы қарай ма?

Көлігінің сыртқы келбетіне көп ақша жұмсайды – 0

Көлігінің ішін таза ұстайды, түскен әрбір қоқымды теріп отырады – 1

Үнемі қызмет көрсету орталығы мен жуу бекеттеріне барып тұрады – 3

Ол көлігіне мүлде қарамайды! – 2

6. Қандай үй жануарын жақсы көреді?

Үлкен итті – 2

Кәнден итті – 3

Мысықты – 0

Балықтарды – 1

7. Заңды некеде тұрып, ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүргендерге қалай қарайды?

Әйелін кінәлайды – 0

Онда тұрған ештеңе жоқ деп санайды – 3

Түсінбейді – 2

Ері бұған қалай жол беріп отыр деп таң қалады – 1

ЖАУАБЫ:

33-45 балл

Еріңіз адал болғанды қалайды. Ол ашумен немесе сізді ренжітіп қойғандықтан өзге әйелге бармайды. Ашулы болса да жағдайды қалыпта ұстай алады. Дегенмен, өмірде әртүрлі жағдай кездеседі. Соған қарамастан еріңіз өтірік пен алдаусыз қалыптасқан қатынастарды қалайды.

17-32 балл

Ол сырттан жылулық іздеп, оған сылтау іздемейтін адам. Десе де, оны торға түсіріп, төсекке тарту өте оңай. Жалпы, кездейсоқ болған төсек қатынасының қайталануын іздейтін адам емес. Керісінше, өзін кінәлі сезінеді. Мұндай еркектермен құлақты түре жүрген абзал. Эмоциялық ахуалы нашарлаған кездерде бәлеге ұрынып қалуы мүмкін.

9-16 балл

Бұл адам үшін әдемі келіншектің алдында бедірейіп қалу – күнә. Егер оны біраз айналдыратын болса, өкініш пен әттеген айды артта қалдырып, еріп кетуі мүмкін.

0-8 балл

Өте жеңілтек әрі көрсеқызар адам. Жүрісінің көп болуы жарын сүймейтіндіктен емес, өзінің жігерінің әлсіздігінен ләззатқа бой алдырып алады.