Жан әлеміӨзіңді дамыт

Күйзеліске түссеңіз не істеу керек?

Біз жиі күйзеліспен бетпе бет кездесеміз. Алайда көбіне оның позитивті, яғни, адамды жігерлендіретін эукүйзеліс түрін бастан кешуіміз екі талай. Ал дикүйзеліске күн сайын түсіп, ағзамызға зиян тигізіп жатамыз.

Кейде күйзелістен шығуға іштегі қағидаларымыз, қорқыыш пен тәуелділігіміз кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда ой өрсімізді өзгертуге талпынған абзал. Өкінішке қарай, өз-өзіңізбен жұмыс жасаған әр кез нәтижелі бола бермейді. Мәселені арнайы психолог маманмен отырып шешу қажет.

Ең бастысы, күйзеліс жағдайында ұзақ жүрмеген дұрыс. Себебі оның түбі ағзаны зақымдауға апаруы бек мүмкін. Мәселен, адамның иммунитеті төмендеп, гормоналды тұрақсыздық пайда болуы ықтимал. Егер көз жасты шығарып алғанның өзінде іштегі өксік кетпесе, депрессия пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда адамға уақыт емші емес. Бірден  дәрі-дәрмектермен ем қабылдауға асыққан абзал.

Егер жұмысыңызда қандай да бір қиындық шыға қалса, оны күйзеліске түсуге себепші көрмеңіз. Ондай жағдай сіздің жүрегіңізге ауыр тиюі мүмкін.

Ауыр деңгейдегі күйзелістің көрсеткіштері: әлсіздік, созылмалы шаршаңқылық сезімі, ашуланғыштық, ұйқысыздықтың пайда болуы. Сол себепті тамақтануға, жұмыс пен демалыс уақытының қатаң сақталып жатқанына аса маңызды рөл атқаруы керек.