ДенсаулықСаулық үшін

Күн сәулесі ДӘРУМЕНІ

Everything is ok. Cheerful teen girl showing ok sign, gesturing with fingers near her eye, orange background (Everything is ok. Cheerful teen girl showing ok sign, gesturing with fingers near her eye, orange background, ASCII, 110 components, 110 byte

Көп адамдар D дәруменінің ағза үшін маңызын жете бағаламайды. Десе де, алмасу процесін реттеуге D дәруменінің әсері өте зор. Ертеде ата-әжелеріміздің балаларына балық майын ішкізуінің өзіндік құпиясы бар. Олар май компоненттері сүйектердің өсуіне және құрылымына жақсы әсер ететіндігін білген. D дәрумені ағзадағы фосфор мен кальций деңгейін қалыпқа келтіріп қана қоймайды, сондай-ақ, ағзадағы алмасу процесстерінің жүруіне де оң әсер ететін бірқатар ерекше қасиеттерге ие.

Гиповитаминоз салдары D дәруменінің гиповитаминозы әлем тұрғындарының 75%-ында кездеседі. Ол симптомсыз жүреді, ал дәруменнің жетіспеушілігін диеталар, физикалық белсенділіктің болмауы және холестеринге қарсы препараттарды қабылдау тудыруы мүмкін. Гиповитаминоз нәтижесінде зат алмасу бұзылады, иммундық жеткіліксіздік пен гормоналды үйлесімсіздік пайда болады.

Егер бас ауруы, шаршағыштық жиі байқалса, мазасыздық күшейіп, ұйқысыздық пайда болса,денсаулыққа көңіл бөлген жөн.

D дәрумені балаларға да, ересектерге де, қарт адамдарға да ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына оны рахиттің алдын-алу құралы ретінде тағайындайды. Ересектер ‒ ең маңызды ағза жүйелерінің қалыпты жұмысын сақтау үшін, ал егде жастағы адамдар остеопороздан қорғану үшін қабылдайды.

nimate]Пайдалы дәрумен «Өзіңізге D3 дәруменін алыңыз да, сау болыңыз» деп айта салу оңай. Бірақ, холекальциферолдың ерекшелігі – ол біздің ағзамызда өздігінен өндірілмейді. Теріде күн сәулесінің әсерінен (80%) пайда болса, жұмыртқаның сарысы, бауыр,балық майы сынды өнімдердер тек 20% ғана денеге сіңеді.D дәруменінің қорын толықтырудың оңай жолы бар. Ол ‒ үйлесімді құрамды холекальциферол препаратын қабылдау арқылы толықтыру.

Мысалы – D3-Гамма. Мұндай препаратты таңдағанда құрамына назар аударыңыз. Глютен, бояғыштар, консерванттар, лактоза тәрізді қоспалар бәріне бірдей жаға бермейді. Көбінесе олар аллергиялық бөртпе, ісіну, жүрек айнуы және ішек шаншуы сынды жанама әсерлер тудырады.

«D3-Гамма» артықшылығы ‒ аллергия, қант диабеті, глютен немесе лактозаға төзгісіз, әртүрлі бұзылулары бар адамдардың өмір сүру сапасын сақтайды. D дәрумені деңгейі төмен болған жағдайда орнын толтырады және жыл бойына қалыпты деңгейді сақтауға көмектеседі. «D3- Гамма» қабылдау терапияның тиімділігін арттырады және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

D дәрумені не үшін қажет?

  • Кальциферол қандағы кальций мен фосфордың деңгейін реттейді, сол арқылы тірек- қимыл жүйесінің: буындардың, сүйектердің, тістердің қатаюына көмектеседі.
  • Гормоналды, жүйке, жүрек-қан тамырлары, эндокриндік,иммундық жүйелердің жұмысын қадағалайды.
  • Ерлер мен әйелдердің репродуктивті функциясының қалыпқа келуіне ықпал етеді, сонымен қатар ұрықтың бітуіне және туылуына оң әсерін тигізеді. Ол шамамен 200-ге жуық генді бақылайды.
  • Ағзаның энергетикалық күшін сақтайды әрі шаршауды азайтады. Жақында ғалымдар D дәрумені атопиялық және аутоиммундық аурулардың, мысалы, ревматоидты артриттің, склероздың, Крон ауруының алдын алу үшін аса маңызды екенін анықтады.

Соңғы кездері күн сәулесі дәруменінің тағы бір ерекше қасиеті өзекті бола бастады. Ол туберкулез, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және респираторлық жұқпаны қоса алғанда, барлық жұқпалы аурулар шоғырынан қорғайды. Дәрігерлер D дәруменін COVID-19-дан емделуде тағайындап жатады.

Сізде аталған шаршау белгілері байқалады ма?