Жан әлеміӨзіңді дамыт

  Құрбыңыздың көңіліне қараңыз     

Балалы әйел мейірімді көрінетіні сөзсіз. Алайда белгілі бір себептерге байланысты ана атануға құлқы болмай жүрген немесе әлі психологиялық тұрғыда дайын емес келіншектереге балаңыздың қызықтарын айту ыңғайсыздау көрінеді. Қарым-қатынасты қалай өрбітуге болады?

«Қандай қайғылы!» Кез келген жұптардың бақыт жайлы өз түсініктері бар. Олардың балалы болуға асықпауы немесе басқа да жоспарларына қайғылы деп баға беруге болмайды. Ол қайғыратын да , шаттанатын да жағдайға жатпайды. Мұны әр адам өмірді әр түрлі қабылдайды деп бағалаған дұрыс секілді.

«Ал сенің күйеуің біле ме? Мұнымен ол келісе ме?» Егер сіз екі жұптың балалы болуға әлі құлықты еместігін бірі біліп, енді бірі білмейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Себебі олар уақыттарын бірге өткізеді. Демек балаға қатысты екеуара талқылау жасады деген сөз.

«Әлі де ойланып көр». Ешкім біреудің қысымымен шешім шығармайды. Әсіресе бұл жағдайға мүлдем қатысы жоқ адамдардың кеңесіне қанша жерде құрбы болса да құлақ аспайтынын ескеріңіз.

«Сен мейірімді ана болар едің». Жараға тұз себудің қаншалықты қажеті бар? Әркім іштей өзінің жақсы ана болатынына сенімді екенін ұмытпаңыз.

«Балаларымсыз өмірімді елестете алмаймын». Заманауи өркениетті кезеңде әйелдер бір-бірінің таңдауына құрметпен қарай алады. Сондықтан да өзіңізді басқалармен салыстырудың қажеті жоқ.

«Ұрпақ өрбітпеу – табиғатқа қарсылық». Сіздің құрбыңыз түбегейлі балалы болуға қарсы емес болар. Бәлкім ол емделіп жүрген шығар, экологиялық жағдаяттардың әсері бар болар. Әңгімелесу барында барлық адам түпкі ойын толығымен аша бермеуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

«Қартайғанда сендерді кім бағады?» Баланы алпыс жылдан кейін аузыма су тамызады деп дүниеге алып келу күлкілі естіледі. Балаларды жақсылап тәрбиелесем, олар ата-анаға қамқорлық танытар азаматтар болып қалыптасады деп ойларсыз. Солай болғанға не жетсін? Бірақ ешкімнің алдына шығып көрген жоқпыз, өмір бұралаң жолдардан тұратынын ұмытпаңыз.