Жан әлеміОтбасы

Күйеуім көңілдесімен төсек қатынасын видеоға түсіреді

823Қаралымдар

Жақында күйеуімнің телефонын ақтарып отырып сұмдық видео көрдім. Қаншама рет көзіме шөп салды, бірақ осынша озбырлық пен сатқындықты күтпеген едім…

Есімім Райгүл, Орал қаласында тұрамыз. Тұрмысқа шыққаныма 9 жыл болды, 3 баламыз бар. Күйеуіммен бастапқыда сүйіп қосылдық. Өкініштісі – осыдан 3 жыл бұрын күйеуім көзіме шөп сала бастады. Сонда кіммен дейсіздер ғой? Күйеуімнен 7 жас үлкен, отбасы, бала-шағасы бар Әлима есімді әйелмен. “Орал” қонақүйінде жұмыс істейді. Күйеуімнің опасыз екенін білген соң телефонын ақтаруды шығардым. Себептен себепсіз емес. Осы әйелмен ашына болып жүргенін білген соң мен де ашынып, ұрыс шығаратын болдым. Бірақ әркез күйеуім ант-су ішіп, енді қайталанбайды деп уәде береді де, қайта айналып сол әйелдің қойнынан бірақ шығады. Қояр емес. Жақында телефонын ақтарып отырып өшірілген суреттер бөліміне кірсем, сұмдық видеоға тап болдым. Күйеуім әлгі Әлимамен пәтер жалдап, жыныстық қатынасқа түскен. Түсіп қана қоймай, соның барлығын видеоға түсіріп алыпты. Әлгі әйел күйімнің үстінде тыр-жалаңаш жатыр. Бүкіл процессті қандай мақсатпен түсіргенін білмеймін. Ал ақымақ күйеуім оны өшіріп тастатадым деп ойласа керек, бірақ корзинадан өшіріп үлгермепті.

Енді не істерімді білмеймін. Үш баламен қайда барамын? Бірақ төзімім таусылды. Шаршадым.

9 жылдан бері отбасын өзім асырап келемін. Кредиттің барлығын жабу менің мойнымда. Жоғарғы білімді медбикемін. Ал күйеуім тиіп-қашып жұмыс істейді. Бірде бар, бірде жоқ жұмысы. Соған қарамай өзге әйелдің қойнын аңсайды.Тіпті бала-шағасының аузынан жыртып, сол әйелге 5 мыңдап, 10 мыңдап ақша жібергенін де білдім.

Жүрісін қоймаған соң бір рет күйеуімнің туғандары отыратын чатқа екеуінің жазбаларын жібердім, әке-шешесі білсін деп. Нәтижесінде күйеуім келіп, көк ала қойдай етіп сабады. Ажырасайық десем “Ажыраспаймын. Сені балаларымның анасы ретінде жақсы көремін” дейді. “Анау күйеуі бар әйелмен жүрісіңді неге қоймайсын” десем, “Мен сені төсекте қаламаймын. Ол да күйеуінен ләззат алмайды. Әлима екеуіміз төсекте бір-бірімізді тояттандырамыз” деп ашығын айтты.

Осы видеоны көрген соң тіпті ашынып кеттім. Анау әйелді де тауып алып, хабарластым. “Күйеуің мен бала-шағаңды тауып алып, масқаралаймын” десем “Айтпашы. Енді қайталанбайды. Олар білмей-ақ қойсын” деп өз абыройын ойлап шыр-пыр болуда. Сонда мені кім ойлайды? Мен аяққа тапталып болдым. Қазір күйеуін іздеп жүрмін. Білсін әйелінің жүрісін!