Екеудің құпиясыЖан әлемі

Күйеуімнің көңілдесі жүкті

Тұрмыс құрғаныма 15 жыл болды. Қазіргі уақытта екі баланың анасымын. Жақында күйеуімнің көзіме шөп салғанын біліп қойдым. Жобалауым бойынша сырттай жүріс қылғанына кем дегенде бір жыл болған. Нақсүйерінің аяғы ауыр, қателеспесем, ол менен 10 жасқа кіші әрі бұл – оның алғашқы жүктілігі. Босануға да айы-күні жетіп отыр.

Күйеуім алдағаны үшін кешірім сұрады, тіпті отбасынан кететін еш ойының жоқтығын айтады. Ал мен әрі қарай қалай өмір сүрерімді білмеймін. Балаларым үшін шаңырағымды шайқалтпағаным дұрыс па, әлде екі жаққа кеткеніміз жөн бе? Бала өмірге келген соң күйеуімнің екі жанұя арасында жүретінін де сеземін (ол мұны жоққа шығармайды). Шынымды айтсам, арамыздағы махаббат сезімінің суығанына да біраз болды.

Жұбайымның жасы 39-да. Ол басшылық қызмет атқарады. Жаман әдеттері жоқ, білімді, өзіне сенімді әрі намысшыл. Ер азаматыма қарағанда мен қарапайым әрі жұмсақ мінездімін. Қызығушылықтарым да жоқ. «Жұмыс-үй-жұмыс» деп жүрген жандардың бірімін әрі әрқашан балаларыммен байланыста отырамын.

Мен күйеуімні еш қызықтырмайтындай сезінемін. Ол маған мүлдем суып кеткендей. Оған қалай жылулық сыйлап, жақындарымды да білмеймін. Бұрын «Үйдегі жайлылықты жасап отырсам, отбасымды сақтап қаламын» деп ойлайтынмын, бірақ күйеуім оған мүлдем басқа нәрсе маңызды екендігін мойындады.

Күйеуім мен оның көңілдесі бір мекемеде бірге жұмыс істейді. Олар бірдей деңгейдегі басшылар. Шағын қалада тұрып жатқандықтан мұнда барлығы бір-бірін таниды. Бәріміз дерлік бір емханаға, бір мектепке және бір дүкенге барамыз.

Жолдасымның жүзінде өкініш сезімінің ізі де жоқ. Тіпті менімен жақындасу үшін де тырыспаған еді. Осы сұрақты қайта-қайта қойғанымда, сұрағаным үшін айыпты етті. Енді не істеуім керек?

Мәрия, 39 жаста

Мәрия, мұндай жағдайда «Опасыздық ерлі-зайыптылардың ауруы» екенін түсіну маңызды, бұл белгілі бір себептермен орын алады. Әлі де бақытты және сүйікті болғыңыз келе ме? Жұбайлық қарым-қатынасты қалайсыз ба, әлде күйеуіңіздің артында тұруды жөн көресіз бе?

Бұл қарым-қатынастың қалай құрылатындығын бағдарлайтын маңызды сұрақтар.

Жұп арасындағы адалдық үшін мына заттар маңызды:

  • Әрқайсысының тең құқықтары мен өзіне бекітілген салалардағы көшбасшылығы. Өмірде мүдделері мен қызығушылықтары бір екі адам бір-біріне қызық болады.
  • Шынайы физикалық тартымдылық. Оны бейнелей алмаймыз, ол қарым-қатынастың басынан бастап орын алады немесе мүлде болмайды. Егер ер адам тек санаға жүгініп үйленсе, ерте ме, кеш пе ол қалауын некеден тыс жерде орындайды.
  • Рухани жақындық. Ол ортақ мүдделеріңіз бен жоспарларыңыз болған кезде орын алады. Егер ішкі сырларыңызды ақтарып, бір-біріңізбен жақын әңгімелесе алсаңыздар, рухани жақындықты сезінесіздер.

Осы айтылғандар қарым-қатынастарыңызда орын ала ма? Егер жауап «жоқ» болса, онда сатқындық таңқалдырмасы анық. Сонымен қатар тәуелді қарым-қатынасқа бейімділігіңіз де опасыздыққа ықпал етуі мүмкін.

Өзіңіз жеке қалып, өзіңіз үшін ойлануды үйренуіңіз керек. Күйеуіңіздің көңілінен шығу туралы емес, сіз үшін не маңызды, не қолайлы әрі не дұрыс еместігін ойлаңыз. Өзіңізді құрметтеуге бой үйретпейінше, айналаңыздағы адамдардың сатқындығын көруді жалғастыра бересіз.

«Жанұяны балалар үшін сақтау керек» деген ой – ең қате түсініктердің бірі. Өйткені, балалар ата-ана қарым-қатынасын қайталауы да ықтимал, ал салдары ұрпақтан-ұрпаққа бақытсыз жұптардың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл қазірдің өзінде қалыпты дүниеге айналып отыр.

Ең бастысы, өз бақытыңызды таңдаңыз, сонда ғана барлығы өз орнына келеді. Сіз де, балаларыңыз да бақытты болуға лайықсыздар!