Жан әлемі

Күздің басты тұсаукесері – «Айнымас Айғаным телехикаясы жарық көрмек

«Qazaqstan» телеарнасы 2020 жылдың 19 қазанынан бастап «Айнымас Айғаным» атты қазақстандық жаңа телехикая көрсете бастайды. Бұл сериалдың сценарийін алғаш рет оқығанымда –  көңілім босап, көзіме жас келді. Себебі басты кейіпкер, үш қыздың анасы Айғанымның тағдыры жеңіл емес. Жалғыз басты ананың өмірін күрт өзгерткен жәйт: қыздары тауып алған кішкентай нәресте. Өмірдің сыйлығына қуанып, қиыншылығына тоза білген Айғанымның орнына әр әйел адам өзін қойып, өзін таба алады. Авторы – әнші Жазира Байырбекова.

Телехикая үш қызын тәрбиелеп отырған қарапайым қазақстандық әйел Айғанымның өмірі туралы баяндайды. Ол өзінің қыздарын жақсы адам етіп өсіруді армандайды, сондықтан күндіз екі жерде жұмыс істеп, түнімен сатуға қажетті кондитер өнімдерін пісіреді. Айғанымның өмірі оның қыздары айдалада жатқан тастанды сәбиді үйлеріне әкелген күннен бастап күрт өзгереді. Балалары қоймаған соң, Айғаным баланы асырап алуға келіседі. Бірақ оның тапқан табысы баланы асырап алуға мүмкіндік бермейді. Баланы асырап алудың бір ғана жолы – тұрмысқа шығу. Айғанымның жалған күйеуінің рөліне екі үміткер пайда болады: бірі – тарих пәнінің мұғалімі Дастан, ал екіншісі – көлік жөндеу шеберханасының аға шебері Жеңіс …

«Бұл ер-азаматтар үшін де қызықты болатын әйелдер оқиғасы», – дейді өзінің жаңа жұмысы жайында сөз қозғаған телехикая режиссері Ботагөз Кенішбай.

«Qazaqstan» телеарнасынан 19 қазаннан бастап сағат 21.30-да «Айнымас Айғаным» телехикаясын тамашалаңыздар.

Сценарийдің авторы: Адель Оразалинова

Режиссері: Ботагөз Кенішбай

Бас операторы: Хандар Надыр

Бас продюсері: Николай Пак

Рөлдерде: Сәния Ерзат, Ақниет Беласарова, Әмина Оразбай, Жібек Нұрғалық, Бақыт Қажыбаев, Ринат Дошыбеков