Бет күтіміСұлулық

Күзгі күтім сыры

Табиғи сұлулықты сақтай отырып, сәнді трендтегі макияждыв қалай жасауға болады. Сыралғы құрбыларымыздың көбінің көкейіндегі осы сауалға жауап іздеп көрелік.

743Қаралымдар

Қараторы қыздар…

1. Қараторы қыздарға жылт-жылт етіп тұратын көз бояулары мен ерінге арналған жалтырақтар жақсы жарасады. Бірақ көзді айқындап көрсету керек болса, бетке жағылған рең тегіс болуы керек. Ал өңлікің күңгірттеуін пайдаланған дұрыс.

2.Қоңыр көзділер күңгірт және жылтырақ көз бояуларын қолдана алады. Егер «тұманды жанар» макияжын жасағыңыз келсе, көзге арналған қаламсап көз бояуының түсімен сәйкесуі тиіс.

3. Боянуда көзді айқын етіп көрсеткіңіз келсе, далапты еленбейтін түстерден таңдаған дұрыс. Ал керісінше оймақ ауыз болып көрінгіңіз келген тұста, опаны ашық түстерден таңдағайсыз.

Аққұба 

1. Аққұба қыздардың терілері көбіне тегіс болып келеді. Сондықтан олар көп жағдайда тегістеу реңін пайдаланбаса да болады. Терідегі кем-кетіктерді арнайы корректордың көмегімен жүзеге асырып, күңгірт және жеңіл түсті еңлік қолдану керек.

2. Бүгінгі таңда көзге макияж жасауда бояуларды артық пайдаланудың қажеті шамалы. Қабаққа табиғи түстерді қолданған абзал. Тушьтің өзін кірпікке бір-ақ рет сүйкеп өтуге болады.

3. Макияж бойынша халықаралық эксперт мамандар күзде алқызыл, шие түсті далаптардың сәнде екендігін жеткізді.

Өңлікті қалың қылсаппен жаққан дұрыс. Шықшыт сүйегінен бастап төмен қарай дөңгелете жаққан дұрыс.

Сары шаштылар

1. Сары қыздардың аппақ терісіне қызғылт түсті рең үйлеседі. Тоналді кремді жеңіл ғана жағып, терінің кем-кетіктерін жасырып алған жөн. Сосын ашық қызыл түсті өңлікті пайдаланыңыз.

2. Көк көзді қыздар өздерінің жанарымен түстес көз бояуын пайдалана беруіне болады. Бұл күзде кірпікке арналған сүрмені үстіңгі және астыңғы кірпіктеге бірдей жағуға болады.

3. Сәнді макияждың тағы бір нышаны-еріннің табиғи түсте боялуы. Алдымен ерінді қаламсаппен сызып, айқындап алыңыз.

Нәзік түстер сіздің образыңызға балғындық сыйлап, шаршаңқылықтан арылта түседі. Жеңіл әрі оңай.