Жан әлеміӨзіңді дамыт

Романның жүгін көтерген қысқа әңгімелер

Бұл шығармалар ең әрісі 10 сөйлемнен тұрады. Бірақ, тым қысқалығына қарамастан өте терең мағынаға ие. Мұндай туыныны жазу үшін де, түсіну үшін де мол білім қажет.

Алан Е. Майер. «Қырсық».

Меңдеткен ауыр дертпен бірге көзімді аштым. Көзімді ашып едім, кереует қасынан медбикені көрдім.

– Фуджима мырза, – деді маған қарап, – Сіздің жолыңыз болды. Екі күн бұрынғы Хиросиманы бомбалау кезінде аман қалдыңыз. Енді сіз қазір ауруханадасыз. Енді сізге еш қауіп жоқ.

Әлсіздіктен әл-дәрменім құрып жатып, сұрап үлгердім:

– Мен қайдамын?

– Нагасакидесіз, – деп ол тіл қатты.

 

 Джей Рип. «Тағдыр».

Бәрін басқалай шешу үшін бізде бір ғана жол қалған болатын. Әйтпеген жағдайда өміріміз шырмауық түстес бір торға шырмалып, барлық рақаттан құр қалатын едік. Жеребеге сеніп тапсырдық: бүк – онда біз үйленеміз, шік – онда біз мәңгілік айырылысамыз. Монета тасталды. Жер үстінде айналып, толғанып барып тоқтай қалды. Бүк. Екеуміз еш түсінбей қарап қалдық. Артынша, бір уақытта бір сөзді айтыппыз:

” Мүмкін, тағы бір мәрте?”

 

Роберт Томпкинс. «Шындықты іздеу жолында».

Ақыры, осы бір тып-тыныш, оңаша жатқан елді-мекенде оның сапары аяқталды. Ескі үйдің есік алдында от жағып Шындық отыр. Ол өмірінде мұнан асқан кәрі әрі ұсқынсыз әйел баласын көрген емес.

– Сіз – Шындық?

Бет-аузы әжімденіп кеткен кәрі қақпас салтанатты түрде бас изеді.

– Айтсаңызшы, мен әлемге нені жеткізуім керек? Қандай хабар алып барайын?

Кемпір отқа түкірді де тіл қатты:

– Оларға менің әдемі әрі жас екенімді айта бар!

 

Август Салеми. «Заманауи медицина».

Көзді шағылыстырған фар шамы, естен тандырған сай-сүйектің сықыры, сүйектен өткен сызат, шегіне жеткен жан қинау, азап, содан кейінгі жып-жылы, тән еліткен таза көк сәуле. Джон өзін мұншама бақытты, жап-жас, еркін сезініп көрген емес. Сәулелі шұғылаға жақындай түсті. Дерт пен қараңғылық ертелі-кеш қайта оралды. Джон жаймен болса да, үлкен күшпен ісініп кеткен көзін ашты. Бинттер, түсініп болмас трубкалар, гипстер. Екі аяқ бұрын-соңды жоқ болғандай. Жыламсыраған жары.

– Сен аман қалдың, қымбаттым!

дереккөз massaget.kz