ДенсаулықСаулық үшін

Біз теңіз жағасындағы мамыражай маусымды, жып-жылы су мен күн батқан кездегі жағымды самалды сүйеміз. Саяхатшылар ағылатын, қай жерге барсаң да кезекте тұратын, жағажайда бос шезлонг қалмайтын кездер жанымызға жақпайды. Ал, әлсіздікке, жөтел мен дене қызуы көтерілетін маусымды, тіпті, ұнатпайтынымыз анық.

Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекенова күз-қыс уақытын төсекте термометр мен орамал құшақтап жатпаудың, керісінше, шаңғымен, конькимен белсенді, сергек демалудың құпиясымен бөлісті. Бір сөзбен айтқанда, жаныңызға вирус жақындамас үшін қалай иммунитетті нығайтудың жолын айтып берді. 

 Біз не үшін ауырамыз?

Суық күндері біздің ағзамыз жан-жақтан келген шабуылдың астында қалады. Ең бірінші қарқынды соққы – ағзамызды жинақтайтын D дәруменінің жетіспеуі. Америкалық ғалымдардың соңғы зерттеулері D дәруменінің тек рахиттен сақтамайтынын, сонымен қатар, иммунитетке кешенді түрде көмектесетінін анықтаған. D дәруменін күн сәулесінен алатынымызды білеміз. Қыста күн аз шығады, үстіміздегі қалың киім пайдалы элементті сіңіруге кедергі, далаға да көп шықпаймыз, шыққан күннің өзінде аз уақыт қана серуендейміз. Мұндай жағдайда салқын уақытта иммунитетті нығайту мүмкін емес. Дегенмен, D дәруменінің тәуліктік дозасын қалыпқа келтірудің бір амалы бар: 150 грамм арқан балық пен 850 грамм нәлім етін күнде жеу керек. Сары майда, ірімшік пен тауық жұмыртқасында өте аз мөлшерде кездеседі. Күнделікті норманы толтыру үшін 20 жұмыртқаның сарыуызын тұтыну қажет. Рас, бұл бізге көптік етеді.

 

Ең күштісі – үшінші соққы. Дәруменнің көзі саналатын көкөністер мен жемістер қыста аз болады. Бәріміз білеміз, үй бау-бақшасында өскен өнімдер көп уақыт өтпей бұзылады. Жемістер мен көкөністер ұзақ қызмет етуі үшін химиялық заттар қосады. Ол біздің ағзамызға пайда алып келмейді, керісінше, қауіпті болуы мүмкін. Жылыжайда өскен қызанақтар және сөредегі көршілес басқалары да дәрумендерге бай емес, себебі, ол жасанды жарықпен және көп мөлшердегі тыңайтқыштың және химикаттардың көмегімен өседі. Шеттен келетін банан, ананас пен киви піспеген жасыл күйінде үзіліп, жол бойы бізге жеткенше пісіп келеді. Жемістің құрамындағы дәрумендер табиғи күн сәулесінен синтезбелетіні, бәрімізге белгілі. Бір сөзбен айтқанда, қыстыгүні ағзаны тек тамақ арқылы пайдалы дәрумендермен толтыру мүмкін емес.

Қыста иммунитетті қалай қорғаймыз?

 

«Суық маусымдарда тамақ жаздағыдай теңгерімді және алуан түрлі болуы керек», – дейді Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекенова. – Бірақ дәруменінің мөлшерін арттыру керек. Күнделікті тұтынатын азық-түліктің көмегімен оны толықтыру мүмкін емес. Ең дұрысы, тағамға пайдалы қосымша табу.Herbalife Nutrition Иммьюн Бустер өніміне назар аударуыңызды сұраймын. Иммунитетке қажет элементтің қайнаркөзіне C және D3, селен мен мырыш жатады.

«Қыста піскен» көкөністер мен жемістер – күрделі сұрақ. Олардың сапасы айтарлықтай жақсы емес. Дегенмен, ағзаға дәрумен керек, нені пайдаланатымызды қазір айтып беремін. Суық айлардағы нағыз дәрумен көзі кезінде өзіңіз мұздатқышта қатырған және дала кептірген жергілікті жеміс-жидектер мен көкөністер. Тұздалғандар мен қайнатылған тосаптың берері аз. Олардың құрамында тұз бен қанттың мөлшері көп.

 

Дүкенге барған кезде сырты жылтырап тұрған жеміс пен көкөністі алмаңыз. Негізі, тым әдемі әрі жылтыраған түрден қауіптеніңіз. Мұндай әсерді парафин мен дифенил береді. Олар – көкөніс, жемістердің ұзақ сақталуына ықпал ететін зиянды заттар. Егер сөреде тек жылтыраған қызанақ пен алма тұрса, онда үйге барған соң оны сабынмен жуып, сірке суы қосылған немесе тұзды суға салып қойыңыз. Балаға беретін кезде қабығын аршыңыз. Шала піскен немесе езіліп кеткенін алмаңыз. Біріншіден, оның пайдасы жоқ, екіншіден, өміріңізге қауіпті болуы мүмкін.

Жылыжайда өскен, сырттан келген көкөністер мен жемістерді нитрат тестеріне жіберіліп-жіберілмей жатқаны бізге беймәлім.  Herbalife Nutrition компаниясының өнімдері қатаң тексерістен өтеді. Ингредиенттерді өсіруден бастап дайын өнімді сауда орындарында сақтауға дейін қадағаланады. Мысалы, Формула 1 протеинді коктейлі өзінің жолын Бразилияның экологиялық таза плантациясынан бастайды. Бұл жерде соя өсіріледі. Дәні піскен кезде оны мүұият жинап алып, шикізат дайындайтын зертханаға жібереді. Одан кейін Америка мен Италиядағы жетекші завод саналатын өндіріс орындарына жөнелтіледі. Сосын, сыртын қаптап, жан-жаққа таратады. Негізі, Herbalife Nutrition компаниясының өнімдері – көптеген ғылыми зерттеулер мен түрлі сараптамалардың нәтижесіне сүйене отырып жасалған көкөністер, жемістер мен дәнді дақылдардың ең пайдалы, теңгерімді сығындысы. Сіз еш күмәнданбастан таңғы не кешкі асыңызды Формула 1 протеинді коктейлімен алмастыра аласыз. Ол сіздің ағзаңызға көп пайда алып келері анық. Аз уақыт өтпей өзіңіз де сезінесіз!

Қыста иммунитетті нығайту үшін әйелдер мен ерлерге арналған Herbalife Nutrition-нің Формула 2 полидәрумен кешенін ұсынамын. Ерлер мен әйелдердің дәрумендерді қабылдаудағы тәуліктік мөлшері әртүрлі болғандықтан дәрумендерді де екіге бөлген. Әрине, барлығы теңгерімді және барлығы мінсіз таңдалған. Сонымен қатар, Herbalife Nutrition -ның Формула 2 өнімі иммунитетті нығайтатын С және Д3 дәрумендеріне бай».

Асыңыз дәмді болсын! Әрі қысты белсенді өткізуіңізді тілейміз! Шаңғы алаңында жолығайық! Бізбен жарысуға дайынсыз ба?